adilettv

Шымкент ҚПД-ң Тұран АПБ-де 2024 жылдың 11 айында әйелдерге қатысты — 395 қылмыс тіркелді.

Қазақстан Республикасының ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1097 бұйрығымен бекітілген ҚР ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бұйрығын басшылыққа ала отырып, Шымкент ҚІІБ-ның Тұран АПБ-нің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі» тобында 2024 жылдың 11 айында төмендегідей біршама жұмыстар жүргізілді. Шымкент ҚПД-ң Тұран АПБ-де 2024 жылдың 11 айында әйелдерге қатысты — 395 қылмыс тіркелді.
«Сана-сезім» және «Көмек», «Ана үйі» мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарымен (психолог, заңгер т.б.) бірлесе отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 16 әйелдердің тұрғылықты мекен-жайына барып, туындаған мәселері бойынша құқықтық көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан акциясы аясында», «Менің отбасымның портреті», атты акция негізінде, «Қыз балаларға өнегелі тәрбие беру жолдары», «Тәрбиенің негізі-әйел» тақырыптарында Тұран ауданының әкімшілік ӘІ жөнінде инспекторларымен бірлесе отырып, жастар ресурстар орталығы өкілдерінің қатысуымен медициналық мекемелер мен ұйымдарда 6 кездесу өткізілді.
Қазақстан Республикасының ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1097 бұйрығымен бекітілген ҚР ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бұйрығын басшылыққа ала отырып, аудан аумағында орналасқан базарлар мен ірі сауда орталықтарында әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында брошуркалар мен визиткалар таратылып жұмыстар атқарылды.
Аудан аумағында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне тиісті ден қою шаралары қабылданып, күнделікті талдау жүргізіліп отыр.
Зорлық-зомбылық нысандары, түрлері мен тәсілдері, зорлыққа көп душар болатын әйелдер санаттары мен оларды жасайтын тұлғалар туралы, сондай-ақ әйелдерге қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлар жөніндегі мәліметтерді күн сайын талдау жүргізілуде.
2024 жылдың 11 айында Шымкент ҚПД-ның Тұран АПБ-де отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында 741 қорғау нұсқамасы толтырылды.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша Шымкент ҚПД-ның Тұран АПБ-де 131 мінез құлқына ерекше талап қойылған.
Шымкент ҚІІБ Тұран АПБ-де әйел тұлғаларымен жасалған суицид және суицидке оқталуы бойынша
2024 жылдың 11 айында 65-дәрістер және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Оның ішінде, жоғары және орта арнайы оқу орындарында-31 (оның ішінде қатысқан азаматтардың саны-725), орта білім беру мектептерінде-14 (оның ішінде, қатысқан азаматтар саны-280), мемлекеттік ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелерде-8 оның ішінде қатысқан азаматтар саны-300) құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланған сөз сөйлеулердің санына келетін болсақ: БАҚ жарияланған сөз сөйлеулер саны-29, оның ішінде телевидение арқылы-2, баспасөз басылымдарда-6, радио арқылы-2,ақпарат агенттіктерінде-8 жарияланған.
2024 жылдың 11-айында Шымкент ҚПД-ның Тұран АПБ-нің ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен, криминалдық полиция қызметкерлерімен, тергеу бөлімі және ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе іс-жоспарға сай профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Зорлық-зомбылыққа ұшырайтын адамдар әр түрлі әлеуметтік топтардан болуы мүмкін, бірақ кейбір топтар ерекше осал болып табылады. Олар:
1. Әйелдер – Көп жағдайда әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл физикалық, психологиялық, сексуалдық немесе экономикалық зорлық-зомбылық болуы мүмкін. Зорлық-зомбылықтың осы түрі көбінесе үй ішінде болады және көбіне құрбандар өз құқықтарын қорғауға кедергі келтіретін экономикалық немесе әлеуметтік тәуелділікке байланысты үнсіз қалады.
2. Балалар – Балалар физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылыққа көп ұшырайды. Олар ата-аналарынан немесе басқа қамқоршыларынан зорлық көруі мүмкін. Бұл балалардың психологиялық дамуына, денсаулығына және өмір сапасына теріс әсер етеді.
3. Қарттар – Әлеуметтік және физикалық әлсіздікке байланысты қарттар да зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Оларға көбінесе отбасы мүшелері немесе қамқоршылары тарапынан физикалық, қаржылық немесе психологиялық қысым жасалады.
4. Мүгедек адамдар – Мүгедек адамдар қоғамда жиі кемсітушілікке және зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Олар дене немесе психикалық кемістіктері бар болғандықтан, өз құқықтарын қорғау қиынға соғуы мүмкін. Бұл топтың мүшелері де әлеуметтік немесе қаржылық тәуелділікке ұшырап, зорлық-зомбылықтан қорғаныссыз болуы мүмкін.
5. ЛГБТҚ+ адамдар – ЛГБТҚ+ қауымдастығына жататын адамдар да зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Көп жағдайда олар әлеуметтік қабылданбау, кемсітушілік немесе тікелей физикалық зорлыққа ұшырайды. Бұл адамдар көбінесе әлеуметтік шеттетілетін және құқықтық қорғаусыз қалатын жағдайда болады.
6. Мигранттар мен оралмандар – Қазақстанға миграция жасаған немесе оралған адамдар көбінесе әлеуметтік қолдаусыз, құқықсыз қалып, зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Олар жаңа ортада қалыптасқан заңдарды, құқықтарын түсінбеуі немесе қорғаныш механизмдерінің болмауы себебінен қиын жағдайларда қалуы мүмкін.
Зорлық-зомбылықтың салдары:
Зорлық-зомбылық құрбандары психологиялық және физикалық тұрғыда зиян шегеді. Оның салдары ұзақ уақытқа созылуы мүмкін және жеке тұлғаның денсаулығына, психикалық жағдайына және әлеуметтік өміріне теріс әсер етеді. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдар көбінесе өз құқықтарын қорғауда, заңдық көмек алуында қиындықтарға тап болады.
Қорғаныс шаралары:
Құрбандарға заңдық және әлеуметтік көмек көрсету өте маңызды. Қазақстанда зорлық-зомбылық құрбандары үшін арнайы дағдарыс орталықтары, әлеуметтік қызметтер, психологиялық көмек және құқық қорғаушы органдар бар. Құқық қорғау органдары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қылмыскерлерге қатаң жазалар қолдану мақсатында түрлі шаралар қабылдайды.

Шымкент ҚПД
Түран АПБ-нің ӘЗЗҚ
инспекторы полиция аға лейтенанты А.Абай

Бөлісу

Related posts

Внимание!

AdiletTV

ӘДІЛДІК ҚАШАН ОРНАЙДЫ?

AdiletTV

ТҰРҒЫНДАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

AdiletTV

Leave a Comment