adilettv

Шымкент қаласы: жол-көлік оқиғаларын болдырмас үшін кең ауқымды алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.

Шымкент қаласының патрульдік полиция полкі қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмас үшін кең ауқымды алдын алу жұмыстарын жалғастыруда.
Басты назарда автокөліктердің жүргізушілері ғана емес, скутер, самокат және велосипед мінгендер де бар.
Қос дөңгелекті тізгіндеушілер жол ережелерін жиі бұзып, салдарынан жол көлік оқиғаларына ұшырап, одан өздері зардап шегуде, өйткені автокөлік ішіндегі жүргізушіден қарағанда мопедшілер ауыр дене жарақаттарын алып, кейде қайғылы жағдайлар болып жатыр.
Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды. Бұл үдеріс біздің ауданда да байқалады.
Көлік түрлері мен санының артуы салдарынан көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалды. Ал көлік қылмыстары ішінен алдыңғы қатарды жол-көлік оқиғалары құрады. Бұл жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді. Біріккен Ұлттар ұйымының баяндамасы бойынша жыл сайын 1,3 млн. адам жол-көлік апатынан қайтыс болса, күніне үш мың адам көз жұмады, ал 20 млн. адам жол апатынан жараланады. Дамыған елдерде соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының құрбандарының көрсеткіші орта есеппен 10% артты. Сондай-ақ автокөлік қозғалысындағы адам өлімі көрсеткіші өзен-теңіз көлігінен – 12 есе, темір жол көлігінен – 3 есе, әуе көлігінен – 1,5 есе жоғары.
Бұл үдерістен біздің республикамыз да қалыс қалмауда. Республикадағы жыл сайын автокөлік санының артуы мен жол жүрісінің интенсивтілігі, қоршаған ортаға бірқатар теріс салдарын тигізеді. Республика қалаларының инфраструктурасы мен көліктердің көшедегі қозғалысы «автокөлік санының күрт өсуіне» арналмаған, объективтік себептерден мемлекет тарапынан жол-көлік қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен олардың салдарынан орын алатын көлік апатынан сақтан-дыру дерлік мүмкін емес. Жолдардың қарқынды қозғалысқа арналып салынбауы көлік жүргізушілерін жол-көлік ережесін бұзуға «итермелейді».Тәжірибе көрсеткендей жалпы ЖКО-ның мынадай түрлері болады: көлік құралдарының соқтығысуы; көлік құралдарының аударылуы, төңкерілуі; жүргіншіні басып немесе соғып кету; тұрған адамды басып немесе соғып кету; жолаушылардың көлік құралынан құлауы немесе тағы басқа оқиға.
Барлық дерлік жол-көлік оқиғаларында негізгі орында жүргізушінің әрекеті немесе әрекетсіздігі байқалады. Көлік құралын басқаратын кінәлі тұлғаның кез-келген апатты жағдайында оның белгілі бір апатты оқиға сәтіндегі психологиялық-жай-күйі әсер етеді. Қазақстан Республикасы ІІМ көрсетуі бойынша ЖКО кезіндегі жүргізушілердің жасайтын әрекеттері: белгіленген жылдамдықты көтеру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету, жол қиылысы ережесін сақтамай жол кезегін бұзу; ақауы бар көлікті басқару, ара-қашықтықты сақтамау, реттеу дабылына бағынбау; жол жүрісі белгілеріне бағынбау, адамдарды тасымалдау ережесін бұзу; жаяу жүргіншілер ережесін бұзу және т.б. ЖКО жиелеуіне түрткі болатын тағы бір мәселе: жаяу жүргіншілердің арнайы жолақпен белгіленген жолдан өтпеуі; көлік-құралынан кенеттен шығып кету; көлік құралын басқарушылардың мас күйінде болуы, қала ішіндегі ара-қашықтықтың ұзақ орналасуы, қала халқының тығыз орналасуы ішкі урбанизация процесі және т.б.
Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, көлік қылмыстары көп функциялы, әлеуметтік, психологиялық құбылыс екендігін байқауға болады. ЖКО ережесін бұзу субъектінің әрекетінен, өзге көлік жүргізушілері әрекетінен, психикалық қоршаған ортадан, жолдың жағдайынан, жол жүрісі ережелерінің айқын бейнеленуінен, табиғат жағдайының ықпалы, көлік шығарушы мекеменің сапалы өнім өндірісі, көліктің жайкүйі, техникалық талапқа сай болуы, жүргізушінің жауапкершілігі мен құқықтық біліктілігі, субъективті көзқарасы жол-көлік оқиғасының орын алуына ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады.
Жалпы көліктік қылмыстардың алдын алудағы басты бағыттар: экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру-техникалық сипаттағы шараларды қарастыратын көліктік деликтілердің алдын алу бойынша кешендік бағдарламаларды жасау мен жүзеге асыру; жол-көлік оқиғаларын қызметтік тергеуді реттейтін актілер мен тиісті деликтілер үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіпті және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті регламенттейтін заңнамалық және заңға сәйкес нормативтік актілерді жетілдіру; көліктік қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тергеу мен сотта қарастыру тәжірибесін жетілдіру; көліктік тергеушілер мен прокурорларды, көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге қатысты ведомствоаралық құрылымдар мамандарын кәсіби дайындаудың тиісті деңгейін арттыру мен қолдау; көлік жұмысшыларының, әсіресе жекеменшік көлік құралдарының жүргізушілерінің кәсіби дайындығының тиісті деңгейін арттыру мен қолдау; көлік жүргізушілерінің кәсіби сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы дәрістер оқу.
Автокөлік қылмыстарының алдын-алу мақсатында келесі шаралар ұсынылады: Біріншіден, жол көлiк оқиғасы орын алғаннан кейін туындаған зиянды салдарды болдырмау мақсатында, ҚК шын өкiнуiне байланысты жазасын белгілі бір дәрежеде төмендету – қылмыстық оқиғадан кейін жәбірленушілерге көмек көрсетуін міндетті түрде ескеру, жүргізушілер ЖКО салдарының алдын алып, зардап шегушілерді орында қалдырмай, зиянды салдарды жоюға шара қабылдауға тірек болады. Екіншіден, республикадағы жолдардың сапасын көтеру, дер кезінде жөндеу, тазалау жұмыстарын жүргізу. Республика ішіндегі көшелерінің құрылысын қарастыру, әсіресе көшелердің «тарлығын» қайта қарастыру, кей жағдайда форс-мажор әрекеттері мен маневр жасаудың соңы аталған көшелерді адам өліміне әкелетін жағдайды құрайды. Үшіншіден, жолдарды қарау-бақылау техникалық құралдарымен қамтамассыздандыру, көшелерді жарықтандыру мен жол белгілерінің айқындығын қадаға-лауды, жоғары қауіп көзін құрайтын көліктерде жылдамдықты тежейтін аппаратты орнатылуын қолға алу. Жаяу жүргіншілердің жолда көрінуін қамтамассыз ету мақсатында арнайы дыбыстар мен лазерлі жарықтандыру қондырғыларын қою.
Сол себепті полицейлердің ішкі жан айқайына және сұраныстарына аса мән беріп, өздеріңіздің өмірлеріңіз үшін қарапайым жол ережелерін сақтаңыздар!

Бөлісу

Related posts

ҚАНДЫҚОЛ ҚЫЛМЫСКЕРГЕ КЕШІРІМ ЖОҚ!

AdiletTV

Город Шымкент: В ТУРАН УПР ПРОШЕЛ РЕЙД ПО СЕМЬЯМ, ЗАРЕГИСТРИРОВАННЫМ ПО ФАКТАМ БЫТОВОГО НАСИЛИЯ

AdiletTV

“АМАНАТ” ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

AdiletTV

Leave a Comment