adilettv

Шымкент қаласы: Салауатты жастар – дені сау қоғам

​Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Есірткі, псиотроптық заттар мен сол тектестер ми мен психикаға теріс әсер етіп, адам бойында рухани деградация тудырады, сөйтіп дененің толық физикалық шаршауына алып келеді. Бұл індеп бірінші кезекте жас ұрпақтың болашағына қауіпті.
Осы орайда, полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Шымкент қаласының барлық аумағында барлық деңгейде есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Адамзат әлеміне алапат апат әкелетін зиянды заттардың бірі – есірткі. Сондықтан қолданған адамның есін жоғалтып, еркінен тыс әрекеттерге жетелейтін бұл затпен күресу жүздеген жылдар бойы адам ғаламшарының ортақ мәселесі болып келеді. Тиісінше, онымен күрес жүргізіп, есірткі саудасына тосқауыл қоюға тамшыдай болсын үлес қосу – күллі саналы адамның азаматтық парызы. Осы ретте 1987 жылы Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп белгіленген. Тиісінше, осы күн аясында біздің елімізде де түрлі акциялар өткізіліп, жыл сайын жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сол себепті атаулы күн шеңберінде көзі қарақты оқырман үшін бірқатар мәлімет беріп, есірткіге қарсы күреске шақыруға бел будық. Есірткінің салдары жайлы не білеміз? Енді «біз есірткінің салдары жайлы не білеміз?» деген сраққа жауап іздеп көрелік. Біріккен ұлттар ұйымының деректеріне сүйенсек, соңғы онждылдық көлемінде есті арбаған есірткіге тәуелді болып қалғандардың саны 22 пайызға көбейген екен. Өкінішке қарай, қазір дүниежүзінде шамамен 275 миллион нашақор жер басып жүр. Яғни, бір ғана есірткі тұрғысынан алғанда осыншама қоғамға қауіпті адам бар деген сөз. Сонымен қатар, соңғы отыз жылда дәл осы есірткінің салдарынан болатын өлім 134 пайызға көбейіп, әлемде жыл сайын жарты миллионға жуық адам қаза болады екен. Олардың көбі Солтүстік Америка, Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің тұрғындары. Бір өкініштісі – БҰҰ 2013-2016 жылдары Орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда біздің елімізде психобелсенді заттар көбірек тәркіленгені туралы деректер бар. Әлемдік ұйымның тағы бір айтатыны – бірер жыл бұрынғы дүниежүзілік пандемия да есірткінің атарлуына әсер еткен. Бұл туралы зерттеу жүргізген Есірткі және қылмыс жөніндегі басқарманың (UNODC) дерегіне сүйенсек, коронавирус қайнап тұрған 2020 жылы синтетикалық есірткіні тұтынатындардың қатары қалыңдап, героин, марихуана және гашиш секілді есірткі заттарының сұранысы азайған. Одан бөлек, сол кезеңде көлеңкелі нарықта есірткі көлемі азайып, тұтынушыларының жеткізушілерге деген сеніміне селкеу түсе бастапты. Бірақ, мұны қуантарлық жағдай деп қабылдауға болмайды. Өйткені, бұл кезде адамдардың азғындағаны соншалық, өздері немесе белгілі бір топтармен бірігіп, есірткіні бұрынғыдан да үлкен көлемде сатып алып отырған. Тіпті, есірткіге тәуелді азаматтар арнайы марафон ұйымдастырып, синтетикалық заттарды тоқтаусыз қолданған екен. Бұған синтетикалық есірткінің нағыз есірткіге қарағанда аз мерзімге ғана әсер ететіні түрткі болған көрінеді. Қазақстанда қанша нашақор бар? Ал, біздің елімізде ресми ақпарат бойынша есірткіге тәуелді деп саналған 110 мың азамат тіркеуде тұр. Сол себепті, Қазақстанда есірткіге қарсы күрес шаралары бір сәтке де тоқтамай, қарқынды жүргізіліп келеді. Тіпті, Президенттің өзі халыққа арнаған Жолдауында бұл мәселеге қатысты мемлекеттік деңгейде дабыл қағып, есірткі, оның ішінде синтетикалық есіркінің кеңінен таралуы ел болашағына қауіп төндіретінін айтқан болатын. таралуы – болашақ ұрпақтың жағдайына қауіп төндіретінін атап өткен болатын. Өкінішке қарай, елімізде бұлай дабыл қағуға негіз болатын деректер өте көп болып отыр. Мәселен, Біріккен ұлттар ұйымының соңғы сараптамаларына сүйенсек, қазір Қазақстан есірткі саудасы бойынша 93 елдің арасында 33-орында тұр. Тіпті, әлемдік ұйым еліміздегі есірткіге тәуелділер саны ресми ақпараттан 6-7 есе көп болуы мүмкін деп топшылаған. Сондай-ақ, ресми дереккөздерде 2021 жылы заңсыз есірткі айналымына қатысты 2400-ге жуық, ал 2022 жылы 2800-ге тарта қылмыс анықталғаны жарияланған. Сонымен қатар, 2020 жылдың алғашқы 5 айының өзінде елімізде 27 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп, бұл көрсеткіш 2019 жылғыға қарағанда үш есе көп болған екен. Ал, Республикалық психикалық денсаулық сақтау орталығының директоры 2016-2020 жылдар аралығында жаңа психобелсенді заттарға тәуелді адамдар саны 60 есе көбейгенін мәлімдеген. Заңсыз есірткі саудасы қалай жүзеге асырылып жатыр?» Осы ретте «заңсыз есірткі саудасы қалай жүзеге асырылып жатыр?» деген шартты сұрақ туындайтыны анық. Мамандардың пікіріне сүйенсек, әлемдік есірткі саудасының көлемі мұнай немесе қару-жарақ саудасының көлемінен кем болмайтын көрінеді. Дегенмен, бұл көлеңкелі кәсіп болғандықтан нақты сандарды ешкім айта алмайды. Кей дереккөздер бұл бизнестің айналымы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды десе, енді біреулері 1 триллион АҚШ долларына дейін жетеді деп мәлімдейді. Бір өкініштісі – арампиғылды кәсіпкерлердің жаңарып, дамып жатқан технологияны өз пайдаларына сәтті қолданулары болып отыр. Қазақстан есірткі саудасымен қалай күресіп жатыр? Дегенмен, көлеңкелі кәсіптің қыр-сырына бойлаған қызметкерлер де қол қусырып, қарап отырған жоқ деп айта аламыз. Ең алдымен – ел Президентінің тапсырмасымен есірткіні ғаламтор арқылы тарататындарға қатысты қылмыстық үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды. Сондай-ақ, графити-суреттер және QR кодтың көмегімен нашаға жарнама жасап, мен насихаттағандар үшін қылмыстың жаңа түрі енгізілді. Себебі, қазір ғаламтор арқылы есірткі сатудың түрі көбейіп кеткен. Тіпті, саудагер мен тұтынушы кездесіп, бірі тауар, екіншісі ақша бермейді десек те болады. Сондықтан, қазір ішкі істер органдары ғаламтор желілеріндегі осындай контенттерді бұғаттау мақстаында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.
Кезекті іс-шара «Авимед» колледжінде жалғасын тапты. Полицейлер, нарколог-дәрігерлер және жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесіп, болашақ медицина қызметкерлеріне көрсетілген мәселелер бойынша толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Бөлісу

Related posts

АЭС: сенімді энергия көзі

AdiletTV

Жұмыстан босатылған шенеуніктер мен судьяларға тағы бір мүмкіндік беріледі

Шымкент қаласы: Есірткіге қарсы күрес екпін алды

AdiletTV

Leave a Comment