adilettv

Шымкент қаласы: «Зорлық- зомбылықсыз 16 күн» атты Республикалық акциясының Абай ауданында жоғары деңгейде өткізу мақсатында Абай аудандық әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

«Зорлық- зомбылықсыз 16 күн» атты Республикалық акциясының Абай ауданында жоғары деңгейде өткізу мақсатында Абай аудандық әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін республикалық акциясының негізгі мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту, зорлық-зомбылықтың жолын кесу, оны жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамның, дағдарыс орталықтарының өкілдері қатысты.
Бұндай жағдайда ересек адам қандай қиындыққа да төзіп бағар, алайда қабырғасы қатпаған балалар қайтпек? Олардың күні не болмақ? Анасымен қалса, өзге әкенің, әкесімен қалса, өзге шешенің өгейлігін көріп, көңілі күпті болмай ма? Ондай күн басына тумасына еш кепіл жоқ. Ажырасудың ең ауыр зардабы да — осы.
Ажырасудың себептері көп. Бірақ басты себептері не деген сауалға нақты жауап табу қиын. Біз осы сауалға жауап табу үшін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының, Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, отандық психологтардың әр уақыттарда келтірген деректерін, пікірлерін ой таразысына салып көрдік, шама-шарқымызша зерттеп-зерделедік. Қорыта келе ел ішінде жиі кездесетін бірқатар себептерді іріктеп алдық.
Бір перзенттің болмауы. Адамның отбасы құрғандағы басты мақсаты — ұрпақ өсіру, артына із қалдыру, бала тәрбиелеу, оның қызығын көру. Бұл қазақ ұлтына тән мінез, тән қалау. Басқа ұлттарда, әсіресе Еуропа елдерінде, АҚШ-та бұл ажырасуға себеп болатындай үлкен мәселе емес, олар кез келген уақытта бала асырап алуға дайын, керісінше, өзі туғанға қарағанда, асырап алуды оңай жол санайтындар көп. Оған себеп те жоқ емес. Біріншіден, бұл елдерде адамдар кеш үйленеді, 30-35 жасты еңсеріп барып, шаңырақ құрады. Екіншіден, осы жасқа келгенде әйел затының репродукциялық қабілеті төмендеп, бала көтере алмай азапқа түседі. Үшіншіден, осы жаста жамбас сүйектері әбден қатып кеткендіктен (әйел заты 23 жасқа дейін сәби сүйіп үлгергені абзал), дәрігерлер жүктіліктің ауыр өтіп, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігін, кесір тілігі жасалуы мүмкін екендігін ескертеді. Біздің елде де кеш үйлену белең алып келе жатқанымен, әзірге 35 жастық межеге жете қойған жоқпыз. Оның үстіне, ұлттық мінезіміз бен менталитетіміз бөлек. Сондықтан біздің елде «балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар» саналады. Міне, осыдан келіп не үшін жаңа жанұя құрған жұптың бірінің бедеулігі ажырасуға себеп болатынын түсіну қиын емес.
Түсінбеушілік немесе мінездің жараспауы. Түсінбеушілік неден туындайды? Ол екі жастың асығыс отбасын құру туралы шешім қабылдауынан, бір-бірін жете танып-білмеуінен туындайды. Оған себеп — үйленгенге дейін көңіл қосып, қазіргі тілмен айтқанда жүріп жүргенде өздерінің шынайы бет-бейнесін, мінезін көрсетпеуі, өздерінің болашақ жары қандай болғанын қалайтынын ашық жеткізбеуі. Осыдан барып, кешегі алдыңды кесіп өтпей, айтқаныңа көніп тұрған қылықты қыз нағыз қырсық қыздың өзі болып шыға келеді, керісінше, алдыңда құрша жорғалап жүрген «кішіпейіл» жігіт өз дегенінен қайтпайтын бірбеткей мінезін көрсетеді. Сондықтан, екі жас үйленгенге дейін неғұрлым өздерін шынайы ұстай білуі тиіс. Бұл жерде «менің мінезім оған ұнамай қалады» деген қорқынышқа жол бермеу керек, сөзсіз, қызды да, жігітті де өзінің табиғи қалпында қабылдай алатын бір жан болады. Тек соны күте білу керек. Егер махаббат сезімі сананы жеңіп тұрса, жұбының мінезін қабылдап, оған сабыр қыла білу керек.
Нәпсіқұмарлықтың кесірі. Ер адамдарда араққа, құмар ойындарына, нашаға, одан қалса жүріс жүруге әуестік басым. Бұлар — әйелдің сабырын түбі бір тауысатын жаман әдеттер. Ішімдікке салынған ер адам дүние мүлкін саудалап, үйден берекені қашырады. Бұдан кейін әйелдің ажырсудан басқа амалы қалмайды. Алайда, осындай жағдайлар ішінара әйелдер арасында да кездеседі. Бұл отбасы екі жаққа бөліп тынады.
Қызғаныш. Орынсыз қызғаныш орға жығады. Бұл көбіне екеудің сеніміне селкеу түсіп, бір-біріне күдігі көбейген кезде қылаң беретін қауіпті сезім. Оның арты кейде қанды оқиғаға ұласып жатады. Оған жуықта ғана тұтас бір жанұяны қанға бөктірген оқиға мысал болады.
Зорлық-зомбылық. Нәзік жандылардың ер адамдар тарапынан зорлық-зомбылық, зәбір көруі олардың арасындағы сезімді суытып, отбасылық жылуды жояды. Әсіресе, жазықсыз жапа шексе, бұл әрекет жиі қайталанып тұратын әдетке айналып кетсе, ондай отбасының ертеңі бұлыңғыр. Өкінішке қарай, бұндай оқиғалар бүгінгі қоғамда болып тұратыны жасырын емес.
Жиын барысында жоспардағы шаралар талқыланып, халықты барынша акцияға қатыстыру бойынша ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жоспар толықтырылды.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»

AdiletTV

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ДАЙЫН

Шымкент қаласы ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады

AdiletTV

Leave a Comment