adilettv

Шымкент қаласы: Абай АПБ “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн”

“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” белсенділік Республикалық акциясы Абай ауданында жоғарғы деңгейде өткізу мақсатында Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚт инспекторы Бектемисова Гульвира Төлепбергенқызы және Абай аудандық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысымен бірлесіп, “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлінің нығайту,зорлық-зомбы- лықытың жолын кесу, оны жасауға бейімділік адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады.Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдарыдың, үкіметтік емес ұйымдардың , қоғамның, дағдарыс орталықтарының өкілдері қатысты.
Отбасыда түсінбеушілік неден туындайды? Ол екі жастың асығыс отбасын құру туралы шешім қабылдауынан, бір-бірін жете танып-білмеуінен туындайды. Оған себеп — үйленгенге дейін көңіл қосып, қазіргі тілмен айтқанда жүріп жүргенде өздерінің шынайы бет-бейнесін, мінезін көрсетпеуі, өздерінің болашақ жары қандай болғанын қалайтынын ашық жеткізбеуі. Осыдан барып, кешегі алдыңды кесіп өтпей, айтқаныңа көніп тұрған қылықты қыз нағыз қырсық қыздың өзі болып шыға келеді, керісінше, алдыңда құрша жорғалап жүрген «кішіпейіл» жігіт өз дегенінен қайтпайтын бірбеткей мінезін көрсетеді. Сондықтан, екі жас үйленгенге дейін неғұрлым өздерін шынайы ұстай білуі тиіс. Бұл жерде «менің мінезім оған ұнамай қалады» деген қорқынышқа жол бермеу керек, сөзсіз, қызды да, жігітті де өзінің табиғи қалпында қабылдай алатын бір жан болады. Тек соны күте білу керек. Егер махаббат сезімі сананы жеңіп тұрса, жұбының мінезін қабылдап, оған сабыр қыла білу керек.
Нәпсіқұмарлықтың кесірі. Ер адамдарда араққа, құмар ойындарына, нашаға, одан қалса жүріс жүруге әуестік басым. Бұлар — әйелдің сабырын түбі бір тауысатын жаман әдеттер. Ішімдікке салынған ер адам дүние мүлкін саудалап, үйден берекені қашырады. Бұдан кейін әйелдің ажырсудан басқа амалы қалмайды. Алайда, осындай жағдайлар ішінара әйелдер арасында да кездеседі. Бұл отбасы екі жаққа бөліп тынады.
Қызғаныш. Орынсыз қызғаныш орға жығады. Бұл көбіне екеудің сеніміне селкеу түсіп, бір-біріне күдігі көбейген кезде қылаң беретін қауіпті сезім. Оның арты кейде қанды оқиғаға ұласып жатады. Оған жуықта ғана тұтас бір жанұяны қанға бөктірген оқиға мысал болады.
Зорлық-зомбылық. Нәзік жандылардың ер адамдар тарапынан зорлық-зомбылық, зәбір көруі олардың арасындағы сезімді суытып, отбасылық жылуды жояды. Әсіресе, жазықсыз жапа шексе, бұл әрекет жиі қайталанып тұратын әдетке айналып кетсе, ондай отбасының ертеңі бұлыңғыр. Өкінішке қарай, бұндай оқиғалар бүгінгі қоғамда болып тұратыны жасырын емес.
Тұрмыс тауқыметі. «Ажырасуларыңызға не себеп болды?» деген сұраққа әйелдердің көбі: «Күйеуім табыс таппады, жатыпішер, жалқау», — деп жауап беретіні түрлі сауалнамалардан мәлім. Егер, ер адам отбасын құруға, бір жанұяны асырауға дайын болмай, соқыр сезіммен, желікпен үйленер болса, оның ақыры — ажырасуға соқтырып жатады. Себебі, әйел жаратылысынан ер адамнан қамқорлық пен мейірім күтеді. Арқа сүйер ер-азамат іздейді. Сол сенім үдесінен шыға білу ләзім.
Бір перзенттің болмауы. Адамның отбасы құрғандағы басты мақсаты — ұрпақ өсіру, артына із қалдыру, бала тәрбиелеу, оның қызығын көру. Бұл қазақ ұлтына тән мінез, тән қалау. Басқа ұлттарда, әсіресе Еуропа елдерінде, АҚШ-та бұл ажырасуға себеп болатындай үлкен мәселе емес, олар кез келген уақытта бала асырап алуға дайын, керісінше, өзі туғанға қарағанда, асырап алуды оңай жол санайтындар көп. Оған себеп те жоқ емес. Біріншіден, бұл елдерде адамдар кеш үйленеді, 30-35 жасты еңсеріп барып, шаңырақ құрады. Екіншіден, осы жасқа келгенде әйел затының репродукциялық қабілеті төмендеп, бала көтере алмай азапқа түседі. Үшіншіден, осы жаста жамбас сүйектері әбден қатып кеткендіктен (әйел заты 23 жасқа дейін сәби сүйіп үлгергені абзал), дәрігерлер жүктіліктің ауыр өтіп, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігін, кесір тілігі жасалуы мүмкін екендігін ескертеді. Біздің елде де кеш үйлену белең алып келе жатқанымен, әзірге 35 жастық межеге жете қойған жоқпыз. Оның үстіне, ұлттық мінезіміз бен менталитетіміз бөлек. Сондықтан біздің елде «балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар» саналады. Міне, осыдан келіп не үшін жаңа жанұя құрған жұптың бірінің бедеулігі ажырасуға себеп болатынын түсіну қиын емес.
Осы аталған алты себептен бөлек те көптеген себептер бар. Олардың қатарына кінәсін мойындамау, тәкаппарлық, қырсықтық, кекшілдік, ата-енелердің қытымырлығы, өз қалауымен қосылмау, алып-қашу салдары, екі жастың арасына үшінші біреудің от салуы, орынсыз өсек-аяңның кесірі, бір-біріне сенбеу сынды себептерді атауға болады.
Жанұя — шағын мемлекет. Оның ұйытқысы бір адам болғаны абзал. Қалғаны отағасына ұйып, сеніп, ере білуі керек. Қандай жағдай болмасын отбасы мүшелері өмірдің кинодағыдай, романдағыдай болмайтынын, оның өзіндік бейнеті барын, оған сабыр ете білу керектігін естен шығармау керек. Ортада бала болса, ажырасу оның психикасына ауыр соққы екендігін, оның ауыр зардабы болуы мүмкіндігін естен шығармаған дұрыс. Қала берді, өзіне, ата-ана мен ағайын туысқа да бұл әрекет абырой әкелмейтінін ойлау керек. Бұл қадамға бармас бұрын, басқа жол жоқ екендігіне әбден көз жеткізіп, үлкендердің ақылын алу аса маңызды. Себебі, қабылдағалы тұрған шешімнің артында адам тағдыры тұр.
Жиын барысында жоспардағы шаралар талқыланып,халықты барынша акцияға қатыстыру бойынша ұсыныс- пікірлері тыңдалып, жоспар толықтырылды.

Бөлісу

Related posts

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН НАУҚАНЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚ АТТЫ АПТАЛЫҒЫМЕН ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Шымкент қаласы: жыл басынан бері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар осындай 10-нан астам топ ұсталды

AdiletTV

Түркістан облысы: денсаулық сақтау вице-министрі Ордабасы аудандық ауруханасында болды.

AdiletTV

Leave a Comment