Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндігі аға жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Қанатұлы Қарбековпен бірлесіп, “ «STOP! Graffiti» акциясын ұйымдастырды.
– Есірткінің денсаулыққа әсері қандай?
– Синтетикалық есірткілер көбінесе біздің ағзамызға шылым ретінде немесе әр түрлі қоспа ретінде сусындармен, тағамдармен берілуі мүмкін. Немесе есірткі тұтынтындар оны иіскейді, шегеді. Ал енді біздің жастар есірткі болса, қан тамырлары арқылы екпе ретінде егілуі керек және сол үшін басқа жолмен қолдансақ қауіпсіз деп ойлауы мүмкін. Бірақ та бірінші қателік осында. Неге десеңіз, синтетикалық есірткілер жасанды. Олар толық зерттелмеген. Олар қолма-қол адамды әр түрлі қауіпті салдарын тудырады. Оны бірнеше топқа бөлуге болады. Ең қауіптісі – жүрек қантамырлары зақымданады.Адам есірткі қоспасымен шылым шексе, міндетті түрде қан қысымы төмендеп, жүрегі қатты ауырып, есін жоғалтып, әлсіз жағдайда қалып қояды.Оның жанында көмек көрсететін медициналық қызметкерлер болмаса, біз адамды жоғалтып алуымыз мүмкін. Егер жедел жәрдем уақытында келсе, өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар. Қазіргі кезде жүрек қан тамырлары аурулары салдары ең қауіпті саналады. Және бірінші орында тұр. Статистика бойынша қарап отырсақ бірінші, екінші немесе үшінші рет есірткі қолданған адамдар, денсаулықтары сау, жас адамдар. Олардың қатарында жасөспірімдер де бар.
– Есірткіге тәуелділік неден туындайды?
– Қазіргі кезде синтетикалық есірткілерді адамдар мастанамын, ләззат аламын деп қолданады. Есірткі ең алдымен адамның психикасына әсер етеді. Бір рет қолданса да адамда психоз туындайды. Психозға адамдардың 30-40% ұшырайды. Олардың көз алдарына әр түрлі қауіпті елестер көрінеді. Түрлі дауыстарды ести бастайды. Сондықтан олар содан қорқып, үрейленіп,өзіне немесе қоршаған ортадағы адамдарға қауіп төндіреді. Мысалы, Ресейді алсақ жылына ең кемі 10 мың адам өз-өзіне қол жұмсап, биік ғимараттан секіріп, өмірін қиып жатыр. Бұл есірткінің өте қауіпті салдары болып табылады. Психоз туындағанда адамның психикасында із қалады. Өмірде кездесетін әр түрлі күйзелістерге тұрақсыз болып қалады. Ызаға тез батады. Қорқыныш үрейшілік және депрессияға ұшырай бастайды.
Есірткіге тәуелділік есірткі заттарды қолданудан болатын ауруды білдіреді — ол гректің «ступор» және «ессіздік, ынта» сөздерінен шыққан. Басқаша айтқанда, нашақорлық адамның есірткі туралы үнемі ойланып, психикалық ыңғайсыздықтан арылу және оған жағымды болып көрінетін сезімдерді алу үшін оларды кез келген әдіспен толтыруға тырысатын жағдайын білдіреді. Нәтижесінде ол адамгершілік шекарасынан оңай асып түседі — бұл оның отбасының бұзылуына және достарымен қарым-қатынасына әкеледі. Нашақорлықтың алдын алу шаралары қажеттілік болып табылады, өйткені ол нашақорға да, оның жақындарына да айтарлықтай зиян келтіреді. Есірткі – адамның миы мен психикасын баяу бұзатын у. Мидың зақымдануы мен жүйке жүйесінің дисфункциясына байланысты ішкі органдар нашарлай бастайды. Кокаинді және кейбір басқа да есірткілерді пайдаланатын адамдар 4 жылдан аспайды — олар жиі жүректің жарылуынан өледі. Морфинді пайдаланатындар 2-3 айдан кейін ақыл-ойдың жұмыс істеу қабілетін жоғалтады. Барлық нашақорлар денсаулығының ауыр проблемаларын бастан кешіреді (иммунитеті төмен болғандықтан), сондықтан ұзақ өмір сүрмейді. Нашақордың мүддесі тек қана есірткі заттарын өндіру мен пайдалануға бағытталғандықтан, оның байланыс шеңбері тарылып, негізінен қоғамға жат тұлғалардан тұрады. Нашақор бірте-бірте бәрін жоғалтады: жұмысынан, достарынан, отбасынан. Қоғам үшін ол мүлдем пайдасыз болып қалады, сондықтан қоғам нашақорлықтың өсуін азайтуға және тәуелді адамдарды толыққанды өмірге қайтаруға ұмтылады. Іс-шара барысында Терешкова, Ақбастау, Ковалева атындағы көшелердің бойында орналасқан тұрғын-үйлер мен инфрақұрылымдық жүйелердегі 30-ға жуық графикалық үлгідегі есірткі сайттарының жарнамалары жойылды.
next post