Бекітілген жоспарға сәйкес мектеп психологінің және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен мектебіміздің спортшылары мен қызметкерлеріне арналған «Жастар арасында заң талаптары, құқық бұзушылық, нашақорлыққа жол бермеу, құмар ойындарының алдын-алу, кереғар теріс діни ағымдар мен секталық теріс іс-әрекеттерге қарсы» ауқымды іс-шара өткізілді.
Шымкент қаласы, денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Психикалық денсаулық орталығы” КММ-і психиатр, нарколог маманы Майра Бейсенбекқызы Садыкова есірткі, нашақорлық жайында түсіндіру, алдын-алу барысында түсіндіріп өтті.
Шымкент қаласы Полиция департаменті, Тұран аудандық полиция басқармасының, учаскелік полиция инспекторы Нуржан Тилекбаевич Омаров құқық бұзушылық, заң талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстарын айтып өтті.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Отбасы. Отбасындағы қарым-қатынас жасөспірім үшін, оның тұлға ретінде қалыптасуы үшін үлкен тәрбиелік мәнге ие. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларда балаларды ата-аналардың бірі, көбінесе анасы тәрбиелейді, бұл жасөспірімдерді тиісті қадағалаудың болмауына әсер етеді, оған моральдық қолдау, қамқорлық, көңіл бөлінбейді-мұның бәрі тұлғаның қалыптасуына кері әсер етеді.
Мектеп. Мұғалімдермен қарым-қатынасы қиын жасөспірімдер көбінесе сыныпта оқшауланып, өздерін бөтен сезінетіндігімен, әдетте қиын жасөспірімдер нашар оқитындығымен күрделене түседі. Оқуы қиын жасөспірімдерді сынып ұжымында оқшаулау олардың құқық бұзушылық жолына түсуіне ықпал ететін басты себептердің бірі болып табылады.
Көше. Отбасында және мектепте қолдау мен көңіл бөлінбей өскен кәмелетке толмаған адам қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыра алатын басқа ортаны іздейді. Жас-өспірім, әдетте, көшеде қарым-қатынастың жетіспеушілігін толтыруға тырысады. Егер мұнда ол «жаман» әсерге ұшыраса, онда оның қалыптасуы теріс болуы мүмкін. Әдетте, мұндай жасөспірімдердің тұрақты қызығушылықтары жоқ, спорттық және басқа үйірмелер мен секцияларға қатыспайды, мақсатсыз уақытты өткізуге мәжбүр болады.
Біздің ғасырымыздың басты дерті-нашақорлық. Кейбір адамдар есірткі шегіп белшесінен батып жүр. Өзбасымызда болмаған соң ешбір адамның бір-біріне жаны ашымайды. Арақ, темекі, есірткі денсаулыққа қанша зиян екенін білсе де кейбір адамдар осы заттарды пайдаланып, өз өмірлеріне балта шауып жатыр. Есірткі шегуге еліктейтіндердің көбісі жастар мен жасөпірімдер десек те жалған айтқандығымыз емес. Наша шекпеу туралы ата-ана, туған-туысқан, мектептегі ағай-апай айтса да ол әр баланың санасына әр түрлі болып тиеді. Қалалық жастар түнгі клуб, ойын-сауық, темекі шегіп алданса, ал ауылдық жастар көше кезіп, арақ-шарапқа салынады. Нашақорлық саны неліктен көбеюде дейсіз?оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Нашақорлық дерті жоқ өлім секілді, ұсталған адам сол заттың қармауында қалады. Қазіргі кезде еліміздің барлық жастары еліктегіш бұл жастардың да наша шекпеуіне кім кепіл бола алады деген ой бәрімізді толғандыруы тиіс.Әрбір жастар өмірге деген көзқарасын өзгертіп, болашаққа деген сеніммен алға басса бәлкім нашақорлықта жойыларма еді? Еске сала кетсек осы пайдасыз заттан кейбір жандар қолынан, аяғынан айырылып, тіпті өмірден өтіп жатқандар қаншама. Бұл жағдайда мені қатты қынжылтатыны кей жастардың болашаққа деген қызығушылығы жоқтығы. Қарап тұрсам бұл жарық дүниені көрмей кеткендер қаншама, он екі мүшесінде кемістігі бар жарым жандар біз секілді он екі мүшесі сау болғанын армандайды. Бірақ түп шындығына келгенде жаратқанның сау қылып берген денсаулығын өз қолымызбен ауру қылып жатырмыз. Сондықтан барлық жастар нашақорлыққа жол бермей болашаққа ұмтылса мен олардың қызметтерін дұрыс атқаратындығына және аянбай қызмет ететініне күмәнім жоқ. Сондықтан нашақорлыққа жол бермейік. Оң нәтиже тек отбасының, мектептің және сыртқы демалыс және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың бірлескен және үйлесімді жұмысымен мүмкін болады. Дінтанушы, теолог “Әл-Мүслім” мешітінің наиб имамы Абдумәлік имам,теріс діни ағымдар мен терроризм және экстремизмге қарсы күрес жайында түсіндіріп өтті.
Мектеп психологі Майра Ералиевна Боришева “Құмар ойындарының алдын-алу” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді.
previous post