adilettv

Шымкент қаласы: Тұран АПБ жыл басынан бері 16 мың 824 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Шымкент қаласы Тұран АПБ әкімшілік аумағы 36300 г.а халық саны 223700 оның ішінде кәмелетке толмағандер саны 111080 болса мектепке баратын балалар саны 40982.
Тұран ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімінде жалпы 104 қызметкер жұмыс атқарады; олар 1 бөлім бастығы 2 орынбасары және 13 жауапты УПИ, 57 УПИ (учаскелік полиция инспекторы) 8 учаскелік полиция инспекторының көмекшісі және 22 – кәмелетке толмағандар жөніндегі Ювенальдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен жұмыс атқарады. Сонымен қатар 1 қызметкер әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы жұмыс атқарады. Тұран АПБ ЖПҚБ бөлімінде 13 УПП (учаскелік полиция пункті) орналасқан.
Тұран ауданы аумағында 28 мемлекттік мектеп, 26 жеке меншік мектеп, 2 жоғарға оқу орны, 11 колледж орналасқан. 11-мемлекеттік орган. 3-стадион. 2-Парк , 54 –дәмхана (кафе), 18- мейрамхана, 9- тойхана, 7- базар орналасқан.
Тұран ауданы аумағында қылмыстарды болдырмау және оның алдын алу мақсатында интернет алаяқтық қылмысының алдын алу бағытында күнделікті сауда орталықтарында, адам көп шоғырланатын жердерде, базарларда және автобустарда арнайы қатты айтылатын құралдар мен хабарламалар беріліп отыр. Соны мен қатар жыл басынан 96 рейдтік іс шаралар жүргізіліп түнгі уақытта кафелер мен түнгі клубтың алдында түнгі 02:00 ге дейін рейдтік іс шаралар жүргізілді. Нәтижесінде тіркелген қылмыстар саны 842 іс (2023 жылы- 1131) -289 іске төмендеген. Қоғамдық орындарда болған 2024 жылы 427(2023 жылы-513) -86 қылмысқа төмендеген.
Сонымен қатар Зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы бойынша 315 әкімшілік хаттама толтырылып сотқа жолданды және 750 «Қорғау нұсқамасы» алынды. Соттың шешімі мен 135 адамға қатысты «Ерекше талап» алынып қадағалауға алынды.
Отбасы тұрмыстық қарым қатынас саласындағы құқық бұзушылықтар аса назарда. 2024 жылдың маусымында енгізілген жаңа Заңнамаға сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтан «Ұрып соғу», «Денеге жеңіл түрде зиян келтіру» баптары қылмыстық құқық бұзушылық ретінде 108-1, 109-1 бабымен өзгертілген. Жүргізілген сараптамаға сәйкес 2024 жылы Тұран ауданында ҚР ҚК-нің 108-1 бабымен / Денеге жеңіл түрде зиян келтіру / 17 қылмыстық іс тіркелсе және 109-1 бабымен /Ұрып соғу/ қылмыстық іс бойынша заң талаптарын сақтай отырып нақты шаралар қабылдануда. Бұл практика ең бірінші мәселе болып қатаң бақылауға алынған.
Әкімшілік саласы бойынша 2024 жылдың 10 айында жалпы 16 мың 824 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оның ішінде «Нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша 8246 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 134 млн 303 мың 484 теңге айыппұл салынып, оның 95 млн 930 мың 403 теңгесі өндірілген.
Қазақстан Респуликасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылғы 16 қыркүйектен бастап 16 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның негізгі бағыты Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру, Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен тығыз сенімгерлік қатынастар орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру болып табылады. «Учаске» іс-шарасы басталғалы бері осы мерзімде (25 қарашаға дейін) Тұран бойынша жалпы 90 477 пәтер мен жеке үйлердің (51 120 пәтер, 39 357жеке үй) 78 230-на (44 450 пәтер, 33 780 жеке үй) немесе 86,4 пайызына аралау (обход) жүргізілді.
Қазіргі уақытта «Учаске» іс шарасы кезінде, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы бойынша /ортақ пайдалану орындарын ластағаны/ үшін 1816 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша /қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу/ үшін 712 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы бойынша /Алкогольдік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орында масаң күйде жүргені/ үшін 201 хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілігі көрілген.
Одан бөлек іс-шарада Қала бойынша тұрғылықты мекенжайы жоқ және куәландыратын құжаттары болмаған 86 тұлға анықталып, оның ішінде 78 тұлға қабылдап-тарату орнына орналастырылған. Түнгі мезгілде жүрген және құқық бұзушылық жасағаны үшін 265 жасөспірім анықталып, ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы 2 бөлігімен «ескерту» түрінде әкімшілік шарасы көрілді. Оның ішінде қоғамдық орында мас халде болған 4 жасөспірім, ойын-сауық орнында болған 62 жасөсіпірім ұсталып, ата-аналарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Қорытындылай келе полиция қызметкерлері алға қойылған жоспарларды орындауға, қандай да іс-шара болсын, полиция қызметкерлері уақытпен санаспай алдыңғы шепте заңдылықты сақтай отырып, халықпен тығыз байланыста, әрі сенімгерлік қатынастарды орната отырып, ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыруға дайын болатынына сенім білдіремін.

Шымкент ҚПД Тұран АПБ
Жергілікті полиция қызметі бастығы
полиция подполковнигі М. Алтынбаев

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы-ЖАНДОС БЕЙСЕНОВ

AdiletTV

Астанада компьютер ұрлаған адамның үстінен іс қозғалды

AdiletTV

Шымкент: В Аль-Фарабийском РУВД проведено 6 совещаний по профилактике домашнего насилия

AdiletTV

Leave a Comment