Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚ-ң № 61 УПП-ң әкімшілік аумағында қызмет атқарушы УПИ-ларының саны-5, Кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізу инспекторларының саны- 2, УПИ-ң қоғамдық көмекшілерінің саны-2, № 61 УПП-ң әкімшілік аумағының ауданы-49 мың Га, халық саны-16760, оның ішінде қазақ халқы-9751, орыс халқы-3760, өзбек халқы-1740, өзге ұлт өкілдері-1320, ҚР-ң азаматтығын аламаған оралмандар-189 тұрғынды құрайды. Әкімшілік аумақта көп қабатты үйлердің саны-52, пәтерлер саны-4190, жалпы домофондар саны-136, домкомдар саны-32, аулалар саны-26, барлық аулалар жарықтандырылған, көп қабатты үйлердің ауласындағы автотұрақтар саны-14, жер үйлер саны-114, әкімшілік аумақтағы елді мекендер жоқ, көшелер саны-14, оның ішінде жарықтандырылған көшелер саны-10, емдеу мекемелерінің саны-4, мәдени сауықтыру орталықтары жоқ, кафелер мен көңіл көтеру орталықтары-19, интернет клубтар саны-4, сауда орталықтары мен дүкендер саны-33, саябақтар саны-1 (Абай саябағы), аллеялар саны-1 (Аналар аллеясы), түнгі клубтар жоқ, ресторандар саны-3, банктер саны-3, базарлар саны-1 (Янги-Шахар), ломбардтар саны-10, АЖБ жанар-жағармай бекеттерінің саны (АЗС)-3, валюта айырбастау орындары саны-2, түсті метелдар қабылдау орындары жоқ.
Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚ-ң № 61 УПП-ң әкімшілік аумағында құқықты тәртіпті қамтамасыз ету үшін ЖППП-нан жалпы 12 қызметкер бекітіліп, 1-ауысымға-752 және 2-ауысымға -788 автоэкипаждары қызмет атқарады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жұмылдырылған әскери бағыттардағы сарбаздар саны-18. Әкімшілік аумақта жалпы 12 бейне бақылау камералары орнатылған.
Әкімшілік аумақта орналасқан білім беру мекемелерінің саны-8, «М.Әуезов таныдағы университеттің коледжінде» оқитын студенттер саны-2312, «Жол-көлік коледжінде» оқитын студенттер саны-2468. Әкімшілік аумақта мешіттер мен шіркеулер жоқ, ДДА ұстанушылер есебінде тұратын азаматтар саны-4.
Жыл басынан бері 100ге жуық профилактикалық жұмыстар атқарылды, нүктелі іс-шаралар жүргізілді. «Таза қала», «Түнгі қала», «Жаяу жүргінші», «Автокөлік», «Қару іс-шарасы», «Қадағалау», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Мото көлік», «Пәтер», «Қара сора іс-шарасы», «Провация», «Жасөспірім», «Тұрмыс», «Бір нүктелік іс-шара», «Антифроун,Броконер» тағы да осы сынды жұмыстар жасалды.
Жаяу жүргінші рейдтік шара – бұл жол қозғалысы ережелерін бұзатын жаяу жүргіншілерді анықтау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін рейдтік іс-шара. Мұндай рейдтер барысында полиция қызметкерлері көшелерде, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар мен өтпе жолдарында, қоғамдық орындарда жүретін адамдарды тексереді.
Рейдтің негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауы, әсіресе жолдарда рұқсат етілмеген жерлерде өтуін болдырмау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Рейд барысында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, ереже бұзғандармен профилактикалық жұмыстар жүргізу және құқық бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау қолға алынады.
Пәтер рейдтік шарасы – бұл құқық қорғау органдарының жүргізетін профилактикалық шарасы, оның мақсаты – көпқабатты үйлер мен пәтерлерде заңсыз әрекеттерді, тәртіпсіздіктерді, сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтау және алдын алу. Мұндай рейдтер көбінесе қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Пәтер рейдтері кезінде полиция қызметкерлері пәтерлерде тұратын адамдардың құқықтық жағдайын тексереді, заңсыз қонақтар мен тұрғындарды, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерді анықтайды. Сонымен қатар, пәтерлерде орын алуы мүмкін есірткі тұтыну, жезөкшелік, басқа да қылмыстар немесе қоғамдық тәртіпті бұзу әрекеттерінің алдын алады.
Рейдтің негізгі мақсаттары:
1. Қоғамдық тәртіпті сақтау: Көпқабатты үйлер мен пәтерлердегі заңсыз әрекеттерді анықтау.
2. Құқық бұзушылықтардың алдын алу: Құқық бұзушылықтарды анықтап, оларды жою.
3. Жеке қауіпсіздік: Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды заңсыз әрекеттерден қорғау.
4. Профилактикалық жұмыс: Пәтерлерде заңды бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрғындарға құқықтық білім беру.
Мұндай рейдтер қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Пәтер рейдтерінің нәтижелері бойынша құқық қорғау органдары заңсыз әрекеттер жасаған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдайды.
Шымкент ҚП Департаменті
Тұран АПБ-ң ЖПҚБ-ң аға УПИ
полиция капитаны Н. Ұшан