adilettv

Шымкент қаласы: Жыл басынан бері интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында, халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент ҚПД Тұран АПБ-ның ЖПҚб-не қарасты №64 УПП Шымкент қаласы Асқаров көшесі №30 үй 64 пәтерде орналасқан. №64 УПП-нің әкімшілік аумағы 4.2 км, УПП-нің әкімшілік аумағына 6 қызметкер бекітілген.

1. Кубелтай Багдаулет Ерболатұлы
2. Құрбанбекұлы Олжас әкімшілік аумағы 8 м/а Байтіленов пен Үркімбаев көшелері.
3. Имамбеков Мұхамет-Әли Бауыржанұлы әкімшілік аумағы 8 м/а Асқаров пен Мангелдин көшелері.
4. Әбдірасіл Нұрлан Дүйсенәліұлы әкімшілік аумағы Пошанов пен Пролетарская көшелері.
5. Серік Бақберген Серікұлы әкімшілік аумағы 8 м/а Мамытов пен Колхаз көшелері.
6. Алдоңғар Әбдусайфуллах Балапанұлы УПИ көмекшісі.
Әкімшілік аумақ туралы мәлімет.

1. Халық саны – 18925
2. Жалпы үйлер саны – 162
3. Көп қабатты үйлер – 68
4. Жеке үйлер — 94
5. Мешіттер саны — 1
6. Мектептер саны- 2
7. Жанар май құю бекеті- 1
8. Емхана – 1
9. Бала бақша — 9
10. Қаз почта – 1
11. Банктер саны — 4
12. Дүкендер саны – 39
13. Кафе, Ресторандар саны – 6
1. Тамақтану орындары – 1

2. Әкімшілік аумақта орын алған отбасылық жан-жал ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы 69 іс құжаттар сотқа жолданды.
3. Жыл басынан бері әкімшілік аумақта әр түрлі санатта 149 қылмыс орын алған, ашылғаны 112, ашылмаған қылмыс саны 37. Орын алған қылмыстардың басым көпшілігі ИНТЕРНЕТ алаяқтық. Жыл басынан бері интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында, халық көп шоғырланатын орындарда яғни, «АКАЦИЯ» гүл сату орталығында, автобустарда халыққа түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық іс шаралар күнделікті жүргізілуде. Сонымен қатар әр апта бейсенбі, жұма, сенбі яғни демалыс күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында көшелерде, кафе, ресторандарда, атап айтқанда «Blackout» және «Мята» лаунж барларында профилактикалық іс шаралар жүргізілуде.
1. Таза қала рейдтік шарасы – бұл Шымкент қаласында тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өткізілетін рейдтік іс-шаралар. Мұндай шаралар аясында қаланың әртүрлі аумақтарында тұрмыстық қалдықтарды тастау, қоқысты уақтылы жинамау, экологиялық заң бұзушылықтарды анықтау мен жою жұмыстары жүргізіледі.
2. Түнгі қала рейдтік шарасы — бұл қаладағы құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында түнгі уақытта жүргізілетін рейдтік іс-шаралар. Мұндай шаралар аясында полицейлер түнде жұмыс істейтін қоғамдық орындарды, сауда және ойын-сауық орындарын, үйлердің маңайын, көше саудасын және басқа да қоғамдық орындарды тексереді. Түнгі рейдтерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтау, сондай-ақ заңсыз әрекеттерді тоқтату басты мақсат болып табылады.
3. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында кафелер мен қоғамдық орындарда кальян тұтыну бойынша рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар қала тұрғындарының денсаулығын қорғау мақсатында қолға алынған. Себебі, кальянның құрамындағы түтін мен химиялық заттар зиянды болып табылады және ол адамдардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға қатысты шектеулер бар.
4. Рейдтік шаралар барысында қалалық полиция қызметкерлері кафелерді тексеріп, кальянды заңсыз тұтынған адамдарға қатысты шаралар қолдануда. Бұл рейдтер қалада қоғамдық денсаулықты қорғау және адамдардың құқығын сақтау мақсатында тұрақты түрде жүргізілетін болады.
5. Шымкент қаласында құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында арнайы рейдтік шаралар жүргізілуде. Бұл шаралар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың азаюына ықпал ету үшін қолға алынған. Рейдтер барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала бойынша түрлі учаскелерде жұмыс істейді, заң бұзушыларды анықтап, оларға қатысты қажетті шаралар қолданады.
Рейдтік шаралар аясында полицейлер қоғамдық орындарда, көпқабатты үйлердің ауласында, қоғамдық көліктерде және басқа да жерлерде құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізеді. Бұл, әсіресе, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қоғамдық орындарда тәртіпсіздік жасау және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін маңызды болып табылады.
Құқықтық тәртіп рейдтері әртүрлі бағыттар бойынша жүргізілуі мүмкін: мас күйінде көлік жүргізу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерсіз жүруі, қоғамдық орындарда тәртіпсіздік жасау және тағы басқа.
Бұл шаралар азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында тұрақты түрде өткізілетін болады.

Шымкент ҚПД Тұран АПБ-ның
ЖПҚ-нің № 64 УПП Жауапты
УПИ-ы полиция капитаны Б.Кубелтай

Бөлісу

Related posts

Ішкі істер министрлігі бопсалаушылардың қылмыстық топтарын анықтау және ұстау бойынша жұмысты жалғастырып келеді

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында қатерлі ісіктің себеп-салдары түсіндірілді.

AdiletTV

Түркістан облысы: денсаулық сақтау вице-министрі Ордабасы аудандық ауруханасында болды.

AdiletTV

Leave a Comment