adilettv

Жол қауіпсіздігіне арналған “Кибер-шериф” құрылғысы Шымкент қаласы бойынша 5 бағытта қызмет атқарады.

Миллионнан астам тұрғынның жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте кибер-шериф автоматтандырылған жүйесі жұмыс жасайды
кибер шериф – жол ережесін бұзған жүргізушілерді дер кезінде анықтауға және автоматты түрде жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Бұл- жол апаты жағдайларының санын азайтуға және оның алдын алуға зор үлес қосады.
Заманауи құрылғы 8 бейнекамерадан тұрады. Бір сәтте 360 градус аумақты шолу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, жол үстінде орын алған заң бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеп, жүргізушілерге хабарлама жібереді. Бұл тұста патрульдік полицейлер кибер-шерифтің қызметіне араласпайды. Алайда, бейнекамералардың жұмыс нәтижесі тәртіп сақшыларының планшеттеріне түсіп отырады.
Аталған кешеннің тағы бір ерекшелігі – көлік салонын аудио және бейне жазбаға түсіріп алуға қауқарлы. Бұған қоса, оқылмайтын, көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алыстан танып, ұрланған көліктерді немесе борышкерлердің темір тұлпарын бірден анықтайды.Сонымен қатар, қарсы жолақта келе жатқан автокөліктерде сақтандыру полисінің және техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің бар-жоғын автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл жүйе 360 градуста көріністі бақылап, бір мезгілде 50 автокөлікті анықтай алады. «Кибер-шериф» жүйесі көлік ағынын тіркейді және жол қозғалысы ережелерін, оның ішінде белгіленген жылдамдық шегінен асып кетуге қатысты бұзушылықтарды анықтайды. Сонымен қатар, бұл кешен түрлі себептермен іздеуде жүрген көліктерді, сондай-ақ жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Анықталған құқық бұзушылық деректері полиция қызметкерлерінің қатысуынсыз, автоматты түрде базаға түсіп, электронды хаттама қаулысы 1 апта ішінде көлік иесінің мекен жайына жолданады.
«Кибер шериф» – бұл жаңа технологияларды қолдану арқылы жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тартатын жүйе немесе құрал. Мұндай жүйе негізінен жол қозғалысы ережелерін бұзуды бақылау және автоматты түрде жазалау үшін қолданылатын жаңа құралдар жиынтығын қамтиды.
Кибер шерифтің мүмкіндіктері:
Қадағалау камералары – жолдарда орнатылған заманауи камералар жүргізушілердің жылдамдығын, бағдаршамның қызыл түсін өтуін және басқа да жол ережесін бұзуларды тіркейді.
Жасанды интеллект – жол қозғалысын бақылауға арналған жасанды интеллект жүйелері бұзуларды анықтау, талдау және ескертулер немесе айыппұлдарды автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді.
Деректерді өңдеу және талдау – кибер шериф жүйесі жол қозғалысы туралы жинақталған мәліметтерді өңдеп, нақты уақыт режимінде бұзуларды анықтайды.
Қоғамдық қауіпсіздік – жүйе тек жол ережесін бұзуды бақылап қана қоймай, жол апаттарының алдын алуға, көлік қозғалысын жақсартуға, және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Қазақстанда осындай технологиялардың қолданылуы жол қозғалысын тиімді басқаруға, жол апаттарын азайтуға және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу

Related posts

Қанша қазақстандық армиядан «қашып» жүр?

Демалыс күндері 9 шымкенттік ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды

AdiletTV

Город Шымкент: Призывают быть осторожными с интернет-мошенниками

AdiletTV

Leave a Comment