-7.7 C
Shymkent
12 декабря, 2024
Полиция

Шымкенттің барлық оқу орындарында «Адалдық сағаты» өтті

Дәстүр бойынша жыл соңына дейін өңірдің мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тақырыбында адалдық сағаты ұйымдастырылды. Қоғам белсенділерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілермен, бейінді басқармамен, жоғары оқу орындарының ректоратымен бірлесіп оқушылар, студенттер мен оқытушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы айтып, оқуда және өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін адал еңбектің пайдасы туралы мәлімделді.
«Адалдық сағаты» республикалық акциясының мақсаты:
Өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңдіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру;
Мейірім, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Отан алдындағы борышыңды адал орындауға шақыру, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу;
Денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, адал, әділ, таза жүректі, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыру;
Өзін Отанының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде пікір айта алуына дағдыландыру, адами құндылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екендігі жете түсіндірілді. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті деуге болады. «Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық — пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Осы тақырыпты оқушылар алдыңғы «Адалдық сағаттарында» да талдап, өз ойларын қағаз беттеріне де түсіріп, ортаға салып қорғап еді. Осы «Адалдық сағатын» көре отырып, әрбір оқушының бойына адалдық қасиетінің ұрығы себілді десе де болады. Ойландыратын бейнефильм көріп, ойланып, тұжырым жасап, мейірім, адалдық қасиеттерін шыңдай түсті.
Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдары да айтылды.
Абай шығармаларын отбасында оқу – талдау – тамаша тәрбиенің негізі болмақ. Абай өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болу керектігі де баяндалды.
«… Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!…»-деп, Абай болашақ ұрпаққа өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының негізгі, басты міндеттерінің бірі. Ұлы данышпан Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, қазіргі заманда бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсті. Бұған жастарға, жеткіншектерге берілетін әрбір сабақтың Абаймен бірге өрілетінінің куәсі болып отырмыз.
Жалпы кездесу бағдарламасымен 100 мыңнан астам педагог пен оқушы қамтылды.
Жастармен кері байланыс орнату мақсатында осы тұрғыдағы іс-шараларды үнемі өткізу жоспарлануда.

Бөлісу

Related posts

Город Шымкент: Борьба с наркотиками набирает обороты

AdiletTV

Шымкент қаласы: құқық қорғаушылар мен еріктілер есірткі қылмысына қарсы күресте бірікті

AdiletTV

город Шымкент: полицейские провели профилактическую встречу с подростками по профилактике буллинга и наркомании

AdiletTV

Leave a Comment