adilettv

Шымкентте Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауы жалғасуда. Сайлаудың екінші күні Денсаулық сақтау, Жеңіл өнеркәсіп және Өңдеу өнеркәсібі салалық кеңестерінің мүшелері дауыс берді.

Кандидаттар Палата жанындағы 9 салалық кеңес және аккредиттелген 3 қауымдастықтан ұсынылған.

Сайлау барысын өңірлік сайлау комиссиясы бақылап отырады. Оның құрамында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы мен қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты бар. Комиссия мүшелері сайлаудың ашық өтіп жатқанын айтады.

«Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңірлік кеңес мүшелерінің сайлауына комиссия мүшесі ретінде қатысып отырмыз. Сайлау барысы ашық әрі әділ өтуде. Әр салалық кеңес мүшелеріне сайлау барысы мен ережелері түсіндіріліп, дауыс беру әдісі таңдалады. Көпшіліктің таңдауымен кандидаттарға дауыс берілуде. Алдағы уақытта Өңірлік кеңеске сайланған кәсіпкерлер Шымкент қаласының, оның ішінде кәсіпкерліктің дамуына үлестерін қосады деп сенеміз», – деді өңірлік сайлау комиссиясының мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, қала әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Шымкенттің құрметті азаматы Баян Жандосова.

Айта кетейік, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңірлік кеңеске 25 адам сайланады. 2024 жылдың 10 желтоқсанынан 24 желтоқсанға дейін жалғасқан үміткерлерді тіркеу кезеңінде құжаттар тапсырылып, 31 кандидат тіркелді.

Сайлау нәтижесі «Атамекен» ҰКП сайлау комиссиясының шешімімен бекітіліп, жарияланады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы Ордабасы аудандық ауруханасында “Дұрыс тамақтану” бойынша түсірдірме жұмыстары жүргізілді.

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ҚАЛАНЫҢ БАРЛЫҚ LED ЭКРАНДАРЫНДА КҮНІНЕ 300 РЕТ «ТОҚТА, ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ!» ТАҚЫРЫБЫНДА БЕЙНЕРОЛИКТЕР КӨРСЕТІЛУДЕ.

AdiletTV

Город Шымкент: управлением полиции Аль-Фарабийского района с начала года в целях повышения правовой грамотности подростков проводится 785 бесед-лекций и разъяснительных работ на различные темы.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз