5.3 C
Shymkent
5 февраля, 2025
adilettv

АКАДЕМИК Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНЕ 25 ЖЫЛ!

Биыл еліміздегі беделді оқу орындарының бірі – Академик Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетіне 25 жыл! Ширек ғасыр бойы білім мен ғылымның дамуына зор үлес қосып келе жатқан университет бүгінде кәсіби мамандарды даярлаудың көшбасшыларының бірі саналады. Мерейтой аясында университет қабырғасында жаңа спорт кешені,заманауи IT hub ,3 қабатты «Next Step» ғылыми-зертханасы және университет негізін қалаушы академик Ә.Қуатбеков атындағы ғылыми-зерттеу кабинеті ашылды. Бұл кешендер заманауи талаптарға сай жабдықталған.Достық спорт кешені деп аталатын нысанда спорттың бірнеше түрімен айналысуға,студенттер бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алады.Спорт кешенінің ашылу салтанатында университет басшылығы мен қонақтар лента қию рәсімін өткізіп, кешеннің мүмкіндіктерімен танысты. Беделді оқу орда тек сапалы білім берумен ғана емес, студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасаумен де ерекшеленеді. Бүгінде оқу орнының шәкірттері спорт, өнер және білім саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, түрлі байқаулар мен жарыстарда жеңімпаз атануда. Бұл – университет ұжымының қажырлы еңбегі мен студенттердің талмай ізденудегі жемісінің айқын дәлелі.

Шара аясындағы маңызды тарихи оқиғалардың бірі – жаңа оқу корпусының іргетасына капсул салу рәсімі болды. Бұл шара оқу орнының даму жолындағы тағы бір үлкен қадамы болып, білім мен ғылымға салынған инвестицияның символына айналды. Аталған мерейтойға еліміздің және шетелдің беделді ғалымдары, серіктес университеттердің өкілдері,қоғам қайраткерлері қатысты.Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы келіп, университет ұжымын айтулы мерекемен құттықтап,жетістіктерімен танысты. Саясат Нұрбекұлы өз сөзінде университеттің білім мен ғылымды дамытудағы рөліне ерекше тоқталып, оның Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде қалыптасқанын атап өтті.Сонымен қатар, министр еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен реформалар туралы айтып, университеттерді цифрландыру, академиялық еркіндікті кеңейту және студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Қазіргі таңда әлемде сұранысы жоғары салалардың бірден бірі – IT. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтің цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба аясында Қазақстандағы цифрлық сауаттылықты көтеруге басымдық беріп, бірқатар тапсырмаларды міндеттеген болатын. Осы ретте Халықтар достығы университетінің 7 қабатты оқу корпусында білім алушылардың компьютерлік дағдыларын шыңдауға, цифрландыру бағытында ой-өрістерін кеңейтуге арналған таптырмас IT-hub орталығы пайдалануға берілді.Бұл компьютерлік алаңда мектеп оқушылары, студенттер, жұмысшы мамандар келіп, информатика саласында өз мүмкіндіктерін жаттықтыра алады. Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге болады. Цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөлге ие екені анық.

Шара әрмен қарай конференцияға ұласты.Бірқатар ғалым спикерлер баяндама жасап, академиктің еңбегін ерекше атап өтті.Ауқымды конференцияға еліміздің беделді ғалымдары, оқу орнының профессор-оқытушылық құрамы, түлектер мен студенттер қатысты. Конференция барысында университеттің 25 жылдық жетістіктері сараланып, білім беру мен ғылым саласындағы заманауи үрдістер талқыланды.Ғалымдар білім берудегі инновациялық әдістер, цифрландыру және болашақ мамандарды даярлау бағытында баяндама жасап, ой бөлісті. Сондай-ақ, халықаралық серіктестердің қатысуымен пікір алмасулар өтіп, алдағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қарастырылды. Жиын аясында қатысушылар бір-біріне алғыс білдіріп, арнайы сый-сияпаттар табыс етті. Университет басшылығы оқу орнының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар мен ғылыми қызметкерлерді марапаттап, олардың еңбегін жоғары бағалап,жылы лебіздерін білдірді.

25 жылда университет материалдық- техникалық базасы толық жаңартылып, жастардың білім алудағы ыңғайлылығы үшін жұмыс істеуде. Үшінші мегаполистегі жекеменшік оқу ордасының өзге жоғары оқу орындарынан – толық циклді оқу жүйесімен ерекшеленеді. 34 бакалавриат, 13 магистратура, 3 докторантура бойынша білім береді. Сан түрлі ұлт өкілдері жастарының басын бір арнада тоғыстырып, сапалы білім берумен айналысып келеді. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келетін жастардан бөлек, Иран, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Украина елдерінен 900-дан астам білім алушы оқиды. Университет миссиясы – мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қоғамның өмір сүру сапасы үшін қолжетімді білім. Университет – жаңа идеяларды генерациялауға, инновациялық жобаларды әзірлеуге, өндірісте жаңа технологияларды әзірлеуге қабілетті.

25 жылдық мерейтой Аясында Қазақстанның және шетелдің жетекші оқу орындары арнайы қатысып, өздерінің жылы лебіздерін жеткізді. Білім мен ғылым саласындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірген университет өкілдері бірлескен жобалар мен академиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне қадам басуға дайын екендерін айтты.

Атаулы күн тек оқытушылар мен қонақтар үшін ғана емес, студенттер үшін де ерекше мереке болды.Білім ордасының жарқын жетістіктеріне куә болып жүрген жастар өз университетімен мақтанып, оның болашағына зор сенім білдірді. Университет студенттері тек білім алумен шектелмей, түрлі салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Олар ғылыми жобаларда жеңіске жетіп, республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып келеді.

Бұл мерейтой тек өткенге көз жүгірту ғана емес,жаңа белестерге жетелеуге бастау болатын маңызды кезең саналды. Университет инфрақұрылымы үздіксіз дамуда. 7 — оқу ғимараттары, 3 — спорттық кешендер, 3 — студенттер жатақханасы, 4 — жаңа ғимарат, 5 — мәжіліс залы, 3-медициналық орталық бар.2022 жылы білім алушылар игілігі үшін соңғы үлгідегі заманауи талапқа сәйкес жабдықталған 289 орындық студенттер үйін пайдалануға берілді. 491 орынмен жабдықталған жалпы 3 «Студенттер үйі» бар.Университетте білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі шешілген.Атаулы мерейтойға орай «Жетістікке жеткізген жиырма бес жыл» кітабы өз баспаханамыздан жарық көрді.

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗГЕН -25 ЖЫЛ!

Бөлісу

Related posts

Город Шымкент: полиция задержала трех наркоторговцев

AdiletTV

График работы ЦОНов и спецЦОНов 30 августа

AdiletTV

Шымкентте «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды

AdiletTV

Leave a Comment