-1.7 C
Shymkent
5 марта, 2025
adilettv

ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 67 КЕЛІ ГАШИШ ТӘРКІЛЕНДІ

Астанада заңсыз айналымнан 67 келі гашиш тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz. “Заң мен тәртіп” қағидасын іске асыру аясында елордада полицейлер арнайы операция жүргізді, оның нәтижесінде елорда аумағына есірткі заттарын жеткізудің ірі арнасы жойылды.
НОЛ: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған қала тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінен 1,5 келі гашиш есірткі заты мен 5 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді. Видео • YouTube Есірткі жеткізу арнасын және қылмыстық тізбектегі басқа да сыбайластарын анықтау барысында келесі күні жедел уәкілдер есірткіні оңтүстік өңірлерден әкеліп, әрі қарай таратумен айналысқан көтерме саудагерді анықтап, ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде екі пластик бөшке табылып, олардың ішінен есірткі салынған шамамен 45 пакет тәркіленді. Тәркіленген гашиш есірткі затының жалпы салмағы 67 келіден асты. Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі көлемде сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды және мүлікті тәркілеуді көздейді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу

Related posts

Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ №47 тірек пунктінде интернет алақтық фактісі бойынша 2024 жылдың 10-айында жалпы 23 қылмыс ашылған.

AdiletTV

Қазақстандықтардан грантты әзірлеуді талап ету заңды ма, деп жауап берді заңгер

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

AdiletTV

Leave a Comment