adilettv

ASAR BASPANA» ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ ҰСТАЛЫП, 1,2 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТӘРКІЛЕНДІ

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылдың 8-10 ақпаны аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізді, нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды.
НОЛ: Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30% — на дейін пайда табуға уәде берген.Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.
Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмысты Іс Жүргізу Кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНЕ 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

AdiletTV

Қай өңірде ең көп некелесу тіркелген

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз