1.3 C
Shymkent
22 января, 2026
adilettv

ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАУ – ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ!

Тазалық қызметкерлері күн сайын қаланың тазалығын қамтамасыз ету үшін аянбай еңбек етеді. Олардың еңбегінің маңыздылығын атап өту – қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, адамдардың бір-біріне деген құрметін күшейтеді. Осыған орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген тазалық қызметкерлеріне алғыс білдіру және қолдау көрсету мақсатында «Қайырымдылық – жылы жүректен» акциясы өтті.

Ауа райының суықтығына қарамастан, күнделікті көшелерді қардан тазартып, қала тазалығына жауапты қызметкерлерге ыстық шай таратылды. Бұл шара олардың еңбегін елеп, жастардың қолдауын көрсетудің бір көрінісі болды. Акция барысында 100-ге жуық коммуналдық қызметкер қамтылып, оларға жылы лебіздер айтылды.

Коммуналдық сала қызметкерлері – қаланың тазалығын қамтамасыз ететін, аянбай еңбек ететін жандар. Олардың еңбегі көзге көрінбесе де, қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін маңызды рөл атқарады. Осыны ескере отырып, Жастар ресурстық орталығы еңбек адамдарына қолдау көрсетуді, оларға жылулық сыйлауды өз міндеті санайды.

Бұл акция тек бір реттік шара емес, ол қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға бағытталған бастамалардың бірі. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге өз үлесін қоса бермек. Қарапайым жанашырлық – үлкен алғыстың белгісі екенін ұмытпайық!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ КӨП БАЛАЛЫ АНА ГРАНТ ҚАРЖЫСЫНА ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

AdiletTV

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Пікір қалдырыңыз