15.3 C
Shymkent
5 февраля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ПАРА САДАҚ АТУДАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ПАРА САДАҚ АТУДАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы Қажымұқан стадионында орналасқан Садақ ату кешенінде алғаш рет пара садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды.

Турнирді ашқан Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков бұл жарыс елдегі пара садақ ату спортының дамуына серпін беріп, үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ мұндай іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, ерік-жігердің, табандылықтың және рух мықтылығының мерекесі екенін айтқан ол: «Спорт – адамдарды біріктіретін, шекара мен кедергілерді жоятын күш. Бүгінгі жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 51 спортшы қатысып отыр. Олар өз шеберліктерін көрсетіп, еліміздегі пара садақ ату спортының дамуына үлес қоспақ. Әрқайсысы – нағыз ерік-жігердің символы» деді.

Бұдан кейін басқарма басшысы тартысты бәсекеде бақ сынағалы тұрған спортшыларға табыс тіледі. Сөзінің соңында мергендігі, сабырлығы және жеңіске деген ұмтылысын паш еткен мықтыларды жинаған спорттың бұл түрі көрермендерге де рух сыйларына сенім білдірді.

Чемпионатқа еліміздің 7 өңірінен 51 спортшы қатысып жатыр. Соның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысынан бес бестен спортшы қатысса, Астана қаласынан – 4, Батыс Қазақстан облысынан – 5, Жетісу облысынан – 14, Павлодар облысынан – 11, Шымкент қаласынан – 12 спортшы бағы мен бабын сынап көрмек.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ БАСЫНАН ДАУ АРЫЛМАЙ-АҚ ҚОЙДЫ

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕАТР, КІТАПХАНА, МУЗЕЙЛЕРГЕ КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТҚАН

AdiletTV

Шымкент қаласы: Жыл басынан бері интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында, халық көп шоғырланатын орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз