30.3 C
Shymkent
15 сентября, 2025
adilettv

ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 35 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ

🔷 Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді.

🔷 Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру болып табылады.

🔷 Бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрлыбаев көшесі, 4, 9, 14 үйлерінде тұратын тағы 35 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи жайлы баспанаға көшу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

🔷 Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағын ауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, мегаполистің келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.
Жақын арада осы ауданда тұратын тағы 159 отбасын көшіру жоспарлануда.

🔷 Жобада көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен скверлерді, аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру көзделген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства

AdiletTV

Бірлік пен жасампаздық: ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына арналған негізгі бастамалар

AdiletTV

ҚАЛА ӘКІМІ ТАРИХИ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз