7.3 C
Shymkent
14 октября, 2025
adilettv

ДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДОСТЫҚТЫ ДӘРІПТЕЙТІН ТУРНИР ӨТТІ

Қаламызда  Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінде қыздар арасында волейболдан турнир өтті.Шараға еліміздің  өңірлерінен  9 команда қатысты. Атаулы күнде өзге қандай жаңалықтар болды? Тілші тарқатсын

Аталмыш шараға Қорқыт ата университеті,Дулати университеті, Халықаралық қазақ-түрік университеті, және шахарымыздың жоғарғы оқу орындарынан спортшылыр келіп қатысты.

Турнирге келгендің қатарында Тараз қаласынан келгендердің бірі — Қаракөз. Ол жарысқа тыңғылықты дайындалып келгенін айтып, қарсыластарына сәттілік тіледі.

Жиынды ашып берген  Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің ректоры Рабиға Қуатбекова  өтіп жатқан турнирдің университеттер арасындағы достық пен татулықты дәріптеуге әрі нығайтудағы рөлінің зор екенін айтып, бұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік 13 000 студент оқитын оқу ордасы елімізде өтетін жарыстарда топ жарып шет елдік додаларда байрағымызды көкке көтеріп жүрген университеттердің бірі де бірегейі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жетісудан инвесторларға 3 жыл бойы жер берілмеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

AdiletTV

Шымкент – креативті индустрия мен туризмнің жаңа орталығы

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз