20.3 C
Shymkent
10 сентября, 2025
adilettv

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КЕНТАУ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, кенді шаһардың тұрғындардын жеке қабылдады. Кездесуде қаланы дамыту жолдары сараланып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Облыс әкімі Кентаудың мүмкіндігін толық пайдаланып, өндірісі пен кәсіпкерлік саласы дамыған қалаға айналдыру міндет екенін жеткізді.
КСМ: Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.Облыс әкімі Осы бағытта Кентау қаласында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталып өтті.
Кездесуде Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов атқарған жұмысы бойынша есеп берген соң тұрғындардың өтініштері мен сұрақтары тыңдалды. Кентаулықтар газбен қамту, инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысанды жөндеу, жұмыспен қамту, кәріз жүйесін реттеу, тұрғын үй салуға жер бөлу және өзге де мәселелерді көтерді.
СНХ:002 00:12/01:05 ЖАНДОС ТАСОВ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
КСМ: Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кейбір мәселелер сол сәтте жауабын тапса, қалғаны хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды. Айта кетейік, облыс әкімінің тұрғындармен кездесулері барлық аудан, қалада жалғасады. Жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Строительство инфраструктуры и совершенствование инженерных систем

AdiletTV

Шымкент қаласы: білім ордаларында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

AdiletTV

В Шымкенте на маршруты вышли новые автобусы: модернизация общественного транспорта продолжается

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз