-4.7 C
Shymkent
30 января, 2026
adilettv

МАРИХУАНАНЫҢ ІРІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әуезов аудандық полициясының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады. НАЛО: Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтады. Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдіктер, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді. Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚУАНЫШБЕК БОТАБЕК — БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

AdiletTV

Кәсіпкерлерге сертификат алу туралы түсіндірілді

AdiletTV

Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы басталды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз