15.3 C
Shymkent
19 апреля, 2025
adilettv

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ «ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің тыныс-тіршілігімен танысты.
5574 әскери бөлімі Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістандағы қоғамдық тыныштықты сақтау және тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ашылған.
Генерал-майор Аңсаған Балтабеков әскери бөлімнің материалдық-техникалық базасымен танысып, тарихи шаһардағы жауынгерлік қызметтің жай-жапсарына үңілді.Мұндағы 150 сарбаз жыл басынан бері 281 құқық бұзушылықты анықтаған.Бас қолбасшының Түркістан қаласындағы қызметтік іссапары облыстық Полиция департаментінде де жалғасты. Ол жерде жедел басқару орталығын және кезекші бөлімді аралап шықты.
Осыдан соң ол құқықтық тәртіп әскерінің Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөліміне атбасын бұрды. Аңсаған Балтабеков әскери бөлім қолбасшылығымен өзекті мәселелерді талқылады. Жеке құрамның жағдайына назар аударып, сарбаздардың сапалы тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілуін талап етті. Әскери қызметшілермен кездесу өткізіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.Бұдан бөлек 6698 әскери бөлімі мен 6506 құрамасының 1 жедел мақсаттағы батальоны орналасқан ғимараттардың жай-күйін көрді. Мәселелерді шешу жолдарын пысықтап, жан-жақты зерттеп-зерделеу қажеттігін атап өтті.Айта кетейік, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы әскери қызметшілердің қызметіне табыс тілеп, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жолындағы еңбектерін жоғары бағалады

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖМБМК: 1,5 жылда 100 миллион өтінім

AdiletTV

Туризм және креативті индустрия кеңесінің отырысы өтті

AdiletTV

Шымкент қаласы: полицейлер халыққа есеп беру кездесуін өткізіп интернет-алаяқтықпен күрес жұмыстары туралы айтты.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз