adilettv

«Әкенің аманаты ертеңгі болашақ»

Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты Ж.Сүлейменов атындағы N70 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Әкенің аманаты ертеңгі болашақ» атты әкелермен сұхбаттасу атты ауқымды іс — шара өткізілді.
Мақсаты: Әкелер кеңесі мен оның жұмыс жоспарымен таныстырып, атқарған, алдағы уақытта жасалатын жұмыстармен таныстыру.
Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету.
Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларын ұйымдастыру.
Іс- шараны мектеп директоры Еркинбек Байбаков мырза бастап 2024 — 2025 оқу жылы жоспарына сәйкес өткізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып, қонақтарға мектебіміздің тарихымен таныстырды.
Жетісай ауданы бойынша «AMANAT» партиясының консултанты Уәлихан Тілеуберді Шоханұлы, — «жасөспірімдердің қоғамға қарсы әрекеттерімен, қиын отбасылармен жұмыс істеуге бірлесе отырып шешім шығару керек» — екенін айтып өтті.
Ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүнісбеков Сейсенбай мырза отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттауда көптеген іс шаралар өткізілсе деген ұсыныстарын жеткізді.
Іс — шараға ауданымыздың төре биі Айнабеков Жахангир, Жетісай ауданының Ардагерлер кеңесі орынбасары Шаймерденов Жумадилла, Атамекен ауыл әкімшілігінің төре биі Абдрахманов Азиреталі сияқты ақсақалдарымыз қатысып «Жасөспірімдерді қоғамға жат мінез — құлық көрсетуге, құқық бұзуға тартатын ұйымдарды өз кезегінде қадағалау керектігін айтып өтті.
Мектебімізге арнайы келген Атамекен ауыл әкімшілігінің әкімі Байназаров Нұрғали жасөспірімдердің құқығы мен заңды қызығушылықтарын қорғауда өз көзқарастарын кіргізе алатынын оған мектеп ұжымымен әкелер кеңесінің бірге атқаратын шараларының аса маңызды рөл атқаратынын тілге тиек етті.
Жетісай ауданының білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша әдіскерлері Б. Кеттебековпен Ж. Жанаева сөз алып, «Бүгінде әкенің орнын, оның отбасындағы рөлін қоғам болып қайта жаңғырту маңызды. Мемлекеттің отбасы саясатының басты мақсаты жанұядағы ана, бала, әке, атап айтқанда, әрбіріне айырықша қолдау көрсету. Әке — әр перзент үшін орны бөлек асқар тау. Балаға – қорған. Ол отбасының асыраушы тірегі. Әрбір әке өзінің орнын, міндетін ұрпақ алдындағы парызын сезіну керек»-деп өткізілген iс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалыскан мектеп ұжымына алғыс бiлдіретінін айтып өтті.
Жиынға Атамекен а/ә «Әжелер» кеңесінің төрайымы Айжан апа және Қоғалы е/м «Әжелер» кеңесінің мүшесі Сугиралиева Қыздығой апалар сөз алып, әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Әкенің отбасындағы рөлін нығайту мақсатында бірлесіп жұмыс аткаруға дайын екенін жеткізді. Жиынды Қоғалы ауылы «Әкелер» кеңесінің төрағасы Қалдыбеков Дүйсенбек ауыл тұрғындарына оның ішінде бірқатар жұмыстарда маңызды рөл атқарып келе жатқан азаматтарға марапаттады. Жиынға 40 қа жуық әке қатысты.
Ұйымдастырушылар : Қоғалы е/м Әкелер кеңесінің төрағасы Қалдыбеков Дүйсенбек және Ж. Сүлейменов атындағы 70 ЖББМ КММ ДТЖЖО К. Кобеева мен Феруза Мирзаева.
Шараға қатысқан қонақтар іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап айтып мектеп басшылығына, ұжымға және Әкелелер кеңесінің төрағасына алғыстары мен рахметтерін айтып тарқасты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Абай АПБ ЖПҚ №5 тірек пунктінде «Қарасора» іс-шарасы бойынша есірткі қымысына қарсы бірқатар заңсыздықтар анықтаған.

AdiletTV

Шымкент қаласы Еңбекші №35 тірек пунктінде АПБ алаяқтық қылмыстар саны 9-дан 8-ге немесе -6,7 пайызға төмендеген.

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында «Баланың дамуын бақылау» атты аналарға үнпарақтар таратты.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз