adilettv

«QAZAQGAZ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІНІҢ МАҢЫЗЫН ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ БАҒАЛАДЫ


«QazaqGaz өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы компаниялар тобының құрамында арнайы техникамен және өзге де көліктермен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді ұсынады. Компания тек өндірістік міндеттерді орындаумен ғана шектелмей, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлкен көңіл бөліп отыр. Себебі серіктестіктің автокөлік паркі ауқымды, ал жүргізуші мамандар күнделікті түрлі бағыттарда жолға шығады. Осыған байланысты «QazaqGaz өнімдері» ЖШС апаттардың алдын алу мен жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жүйелі түрде шаралар қабылдауда.
Атап айтқанда, компания жыл сайын «Жол апаттарын тоқтату» атты арнайы акция ұйымдастырады. Бұл акция аясында жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына, техникалардың жарамдылығына, жылдамдық режиміне және қауіпсіздік белдіктерінің қолданылуына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, оқу-семинарлар, ішкі брифингтер және қауіпсіздік тренингтері тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Компания ұйымдастырған іс-шара аясында қызметкерлерге жол-көлік оқиғасы кезінде қауіпсіздік белдігін тағудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп өз бастарынан өткеру мүмкіндігі ұсынылды. Бұл мақсатта арнайы жаттығу тренажёры орнатылып, қатысушылар сол құралдың көмегімен өздерін көлік апаты жағдайында сезіне алды. Тренажёр сағатына 12 шақырым жылдамдықпен қозғалып, күрт тоқтаған кезде бетпе-бет соқтығысуға ұқсас жағдай туындайды. Осы сәтте қатысушылар қауіпсіздік белдігін таққан адамның денесі соққыны қалай қабылдайтынын, ал белдіксіз адамның қандай тәуекелге ұшырайтынын нақты сезінеді.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің жолда жүру мәдениетін арттыру және көлік құралында өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген жауапкершілігін күшейту. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тәжірибелік жаттығулар қауіпсіздік белдігін тағудың жай ғана ереже емес, өмірді сақтап қалатын маңызды фактор екенін терең түсінуге сеп болады. Аталған жаттығуға төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де белсене қатысты. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық қатысушылар алдын ала дәрігердің бақылауынан өтіп, тек денсаулығында қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар ғана тренажёр сынағына жіберілді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қаңтар оқиғаларынан кейін көрінбей кеткен Мамин мен Жақсыбеков Чемпиондар лигасының финалында көзге түсті

МӘДЕНИЕТ ОРДАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТСІЗДІК

AdiletTV

Шымкент қаласы: Пошта жөнелтілімдері тексерілуде

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз