adilettv

УНИВЕРСИТЕТТЕГІ АҚША ЖЫМҚЫРУ СХЕМАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.
НАЛО: Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.Аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды.4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан First Concrete Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – қазіргі уақытта өңірдегі темірбетон бұйымдарын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.

AdiletTV

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА

AdiletTV

ҰҚК арнайы операциясы: Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 мүшесі ұсталды

Пікір қалдырыңыз