21.3 C
Shymkent
1 июля, 2025
adilettv

АЩЫ СУ — ЗАҢ АЯСЫНДА

Алкоголь өнімдерін сату – заңмен қатаң қадағаланатын сала. Осыған байланысты Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қаладағы ірі базарлардың бірінде жоспарлы тексеру жүргізді. Мақсат – ащы су өнімдерін сату тәртібінің заң талабына сәйкестігін анықтау.

Тексеру барысында базар аумағындағы барлық сауда нүктелері қамтылды. Нәтижесінде, алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлердің барлығында заңды түрде берілген лицензиялардың бар екені белгілі болды. Бұл – саудагерлердің жауапкершілікпен жұмыс істейтінін және көлеңкелі айналымға жол бермейтінін көрсетеді. Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік Кірістер департаменті мұндай рейдтердің алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Мақсат – тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз саудаға тосқауыл қою дейді.

Алкоголь өнімдерін сату – заңмен реттелетін қызмет түрі. Тексеріс қорытындысы көңіл қуантады, себебі жыл басынан бері салық төлеушілерден заңсыз 12.801 бөтелке ащы су лицензиясыз сатылып, 28954 құты темекі өнімі тәркіленген. Бұл – заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуде атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Ащы су алғанда абай болыңыз. Алкоголь өнімін сатып алмас бұрын, сатушыдан лицензиясын сұраңыз. Ол заң жүзінде тіркелген бе, сату құқығын беретін ресми құжаты бар ма – осыны тексеріп алған жөн. Заңды сауда нүктелерінде ғана сапа мен қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Өз денсаулығыңыз бен өміріңіз үшін жауапкершілік танытыңыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Назарбаевтан қалған жебірлер халықты қанауды жалғастырып жатыр- Ермұрат Бапи

РЕФЕРЕНДУМДА ҚАБЫЛДАНАТЫН ШЕШІМ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА ЖОЛ АШАДЫ

AdiletTV

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз