34.3 C
Shymkent
15 июля, 2025
adilettv

«Тұрмыс» іс-шарасы қоғамдағы отбасы ішіндегі тыныштықты сақтау, азаматтардың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау тұрғысынан өте маңызды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, қылмыстық ахуалды оңалту, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Ағымдағы жылғы 15-17 шілде аралығында Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан аумағында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. «Тұрмыс» – бұл Қазақстан Республикасында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара.
Іс-шараның негізгі мақсаттары:
1. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
2. Құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды анықтау және есепке алу.
3. Қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу.
4. Әлеуметтік осал отбасылармен жұмыс істеу (мәселен, ішімдікке салынған, жұмыссыз, кәмелетке толмаған балалары бар және т.б.).
5. Полиция есебіндегі адамдарды тексеру (мысалы, бұрын сотталғандар, қорғаныс нұсқамасы берілгендер).
Іс-шара барысында не жасалады?
• Тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдар тексеріледі.
• Полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, отбасылық зорлық-зомбылық фактілерін анықтайды.
• Қоғамдық орындарда және ауылдық жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
• Құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер бірлесе жұмыс істейді.
• Қажет болған жағдайда қорғау нұсқамасы, арнайы әлеуметтік көмек тағайындалады.
Маңызы:
«Тұрмыс» іс-шарасы қоғамдағы отбасы ішіндегі тыныштықты сақтау, азаматтардың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау тұрғысынан өте маңызды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: «Мен Сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын» акциясы өткізілуде

AdiletTV

Ольга Сафронова үшін Париж Олимпиадасы аяқталды.

AdiletTV

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз