40.3 C
Shymkent
18 июля, 2025
adilettv

Шымкенттік кәсіпкерлер мен сенатор білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

2025 жылғы 17 шілдеде Шымкент қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарованың қатысуымен білім беру саласына қатысты кездесу өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, қалалық мәслихат депутаттары, салалық басқарма өкілдері, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарының басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі таңда білім беру саласында орын алып отырған бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салып, шешу жолдарын бірлесе талқылады. Атап айтқанда, жеке меншік балабақшалар мен мектептердің лицензиялау рәсімдеріне қатысты туындайтын әкімшілік кедергілер, мемлекеттік тапсырыс көлемінің жеткіліксіздігі, субсидиялау мен қаржыландыру механизмдерінің жетілмегендігі, сондай-ақ кадрлық қамтамасыз ету, педагогтердің мәртебесі мен еңбекақысы секілді бірқатар жүйелі түйткілдер көтерілді.

Сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан жекеменшік білім беру ұйымдарының тұрақты жұмыс істеуі үшін заңнамалық базаны жетілдіру, саладағы инвестициялық климатты жақсарту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту және сала мамандарын қолдау бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова кездесуге қатысқан кәсіпкерлердің барлық ұсынысы мен көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, оларды жүйелеп, жазбаша түрде жинақтайтынын жеткізді. Сенатор аталған ұсыныстарды Парламенттің тиісті комитеттерінде талқылауға ұсынып, шешімін табуға мүдделі болатынын атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім беру саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің көкейінде жүрген сауалдарын тікелей мемлекеттік деңгейде көтеруге мүмкіндік берді. Мұндай конструктивті пікір алмасу мен ынтымақтастық болашақта аталған саланың дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Еңбек Адамы -Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарын ашу тобының аға жедел уәкілі полиция капитаны Дусенов Жанболат

AdiletTV

МӘДЕНИЕТ ОРДАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТСІЗДІК

AdiletTV

Шымкент қаласы: ОТБАСЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз