33.3 C
Shymkent
19 июля, 2025
adilettv

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫНДАР ЖАҢА БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУДА

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған. Іске қосылғалы 22 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді.
Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру болып табылады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Нұрлыбаев көшесі, 4, 9, 14 үйлерінде тұратын тағы 35 отбасына жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табысталды.
Қаланың осынау тарихи бөлігін заманауи және абаттандырылған шағын ауданға айналдыруға бағытталған тұжырымдама жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, мегаполистің келбетін жақсартуға мүмкіндік береді.
Сондай ақ қосымша осы ауданда тұратын тағы 159 отбасын көшіру жоспарлануда.
Жобада көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, саябақтар мен скверлерді, аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған мектепті кеңейту және көпфункционалды сауда-логистикалық орталығын құру көзделген.

***
ЖИТЕЛИ ОБЕСПЕЧИВАЮТСЯ НОВЫМ ЖИЛЬЁМ В РАМКАХ ПРОГРАММЫ РЕНОВАЦИИ

По поручению акима города в прошлом году началась реализация концепции реновации микрорайона Коксай. С момента запуска проекта 22 семьи получили возможность улучшить свои жилищные условия.Одним из ключевых этапов концепции является переселение жителей из ветхого жилья в новые, благоустроенные квартиры с тем же количеством комнат.В первом квартале текущего года 35 семьям, проживающим по улице Нурлыбаева, в домах №4, 9 и 14, торжественно вручили ключи от новых квартир.Концепция, направленная на преобразование этой исторической части города в современный и благоустроенный микрорайон, позволяет не только повысить качество жизни местных жителей, но и улучшить облик мегаполиса.Кроме того, в ближайшее время планируется переселение ещё 159 семей, проживающих в данном районе. Проектом предусмотрено поэтапное строительство многоквартирных жилых домов, социальных объектов, парков и скверов, здания акимата района и спортивного комплекса. Также планируется расширение действующей школы и создание многофункционального торгово-логистического центра.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Еңбек адамы-Даулет Ермеков

AdiletTV

ДОНОР БОЛЫП, ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА!

AdiletTV

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз