adilettv

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫНДАР ЖАҢА БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУДА

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен жылдан бастап Көксай шағынауданын кешенді жаңғырту тұжырымдамасы жүзеге асырылып келеді. Аталған бастама шеңберінде қала аумағындағы ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үй қорын жаңарту арқылы азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, сондай-ақ қаланың келбетін заманауи талаптарға сәйкестендіру көзделген.
Жобаның алғашқы кезеңі басталғалы бері жалпы саны 22 отбасы жаңартылған тұрғын үй қорынан жаңа, толық әрленген және бөлме саны жағынан бұрынғы пәтерлеріне тең баспаналарға көшірілді. Бұл – тұрғын үймен қамтамасыз ету тетіктерінің тиімділігін көрсететін нақты нәтиже.Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында тұжырымдама аясында Нұрлыбаев көшесінде орналасқан №4, №9 және №14 үйлердің тұрғындары – барлығы 35 отбасы – жаңа пәтерлерге ие болды. Салтанатты түрде өткен кілт табыстау рәсімі – осы ауқымды жұмыстың нақты көрінісі. Жаңа тұрғын үйлер барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, заманауи құрылыс стандарттарына сай салынған және тұрғындардың жайлы өмір сүруіне толық мүмкіндік береді. Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында жалпы саны 159 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Бұл ретте әрбір азаматтың құқықтық және әлеуметтік мүдделері толық ескеріледі. Көшіру процесі кезең-кезеңімен, тұрғындармен өзара түсіністік пен келісім негізінде жүргізіледі. Аталған жобаның мақсаты – тек тұрғын үй жағдайын жақсарту ғана емес, сонымен қатар қаланың осы тарихи бөлігін жан-жақты дамыған, инфрақұрылымы дамыған, қауіпсіз және қолайлы ортаға айналдыру болып табылады. Жобаның аясында көпқабатты заманауи тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды (балабақша, мектеп, емхана), сонымен қатар аудан әкімдігінің ғимаратын, спорт кешенін, демалыс орындарын – саябақтар мен скверлерді салу көзделіп отыр. Қолданыстағы мектепке жапсаржай салу арқылы кеңейту жоспарда бар. Бұл өз кезегінде өсіп келе жатқан бала санына сәйкес білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұған қоса, көпфункционалды сауда-логистикалық орталық салу жоспарланған. Аталған нысан халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да оң әсер етеді. Жалпы алғанда, Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, олардың өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың сәулеттік келбетін айтарлықтай жақсартуға бағытталған. Бұл бастама қала әкімдігі тарапынан қолға алынған тұрақты даму стратегиясының бір бөлігі ретінде жүзеге асып отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте шетелдіктен аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді

AdiletTV

Шымкент қаласы Еңбекші №35 тірек пунктінде АПБ алаяқтық қылмыстар саны 9-дан 8-ге немесе -6,7 пайызға төмендеген.

AdiletTV

ALTAY FOOD: новый игрок на рынке кондитерской продукции в Шымкенте

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз