Ағымдағы жылдың қорытындысымен Шымкент қаласына 232,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59,3%-ға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 61,7 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 170,6 млрд теңгені құрады.
2025 жылы жалпы 1 054,9 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға артуы күтілуде.
Қала аумағында 2025 – 2029 жылдары аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,9 трлн теңгені құрайтын 25,9 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 190 инвестициялық жобаның пулы жасақталған.
Анықтама:
2025 жыл – 51 жоба, 191,6 млрд тг, 4022 ж.о.
2026 жыл – 98 жоба, 488,4 млрд тг, 9975 ж.о.
2027 жыл – 35 жоба, 473,4 млрд тг, 6896 ж.о.
2028 жыл – 5 жоба, 776,2 млрд тг, 4750 ж.о.
2029 жыл – 1 жоба, 38,4 млрд тг, 250 ж.о.
Сонымен қатар, 2025 – 2029 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі салаларында 541,2 млрд теңгеге 8,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 115 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.
2025 жылы 79,7 млрд теңгеге 1,2 мың жаңа жұмыс орындарын құрумен 22 инвестициялық жобаны іске асырылды. Атап айтқанда:
1. «Shymkent Dehui Gelatin Ltd.» ЖШС – желатин өндірісі, инвестициялық құны 5 900 млн теңге, 56 жұмыс орындарын құрумен;
2. «Sauran Bricks» ЖШС – автоклавты газобетон өндіру зауыты, инвестициялық құны 5 000 млн теңге, 100 жұмыс орындарын құрумен;
3. «Marvik Partners» ЖШС – тоқыма емес материалдар өндірісі, инвестициялық құны 3 200 млн теңге, 200 жұмыс орындарын құрумен;
4. «КазТермоПласт» ЖШС – полимерлі құбырлар, фитингтер және шлангтар өндірісі, инвестициялық құны 2 000 млн теңге, 45 жұмыс орындарын құрумен;
5. «Шабитекс» ЖШС – мақта-мата, аралас және киімге арналған маталар өндірісі, инвестициялық құны 1 981 млн теңге, 120 жұмыс орындарын құрумен;
6. «ПолиТрейд Казахстан» ЖШС – полимерлерден жасалған буйымдарды өндіру, инвестициялық құны 1 300 млн теңге, 30 жұмыс орындарын құрумен;
7. «Оңтүстік Ғимарат құрылыс компаниясы» ЖШС – асфальтобетон қоспасын тауарлы бетон мен темірбетон бұйымдарын
өндіру, инвестициялық құны 1 085 млн теңге,
24 жұмыс орындарын құрумен;
8. «Cleans Fabric» ЖШС – ылғалды майлықтар өндірісі, инвестициялық құны 837 млн теңге, 30 жұмыс орындарын құрумен;
9. «Ontustik qagaz kompaniasy» ЖШС – қағаз бен картоннан жасалған бұйымдар өндірісі, инвестициялық құны 780 млн теңге, 50 жұмыс орындарын құрумен;
10. «QZ CHEMICAL IMPEX» ЖШС – минералды және органикалық-минералды тыңайтқыштардың өндірісі, инвестициялық құны 500 млн теңге, 50 жұмыс орындарын құрумен;
11. «AnDa Company» ЖШС – биофармацевтикалық зауыт, инвестициялық құны 1 800 млн теңге, 35 жұмыс орындарын құрумен;
12. «QazAlPack» ЖШС – алюминий қаптамасын (ыдысын) шығаратын өндірісті жаңғырту, инвестициялық құны 21 665 млн теңге, 112 жұмыс орындарын құрумен;
13. «BS Group» ЖШС – мырышталған құбырлар өндірісі, инвестициялық құны 1 000 млн теңге, 14 жұмыс орындарын құрумен;
14. «Shymkent Temir» ЖШС – зауытты жаңғырту, инвестициялық құны 18 500 млн теңге, 250 жұмыс орындарын құрумен;
15. «QazTurkMinerals» ЖШС – минералды және органо-минералды тыңайтқыштар өндіру зауыты, инвестициялық құны 700 млн теңге, 19 жұмыс орындарын құрумен;
16. «СтройПрогресс-2007» ЖШС – темірбетон бұйымдарын өндіру, инвестициялық құны 300 млн теңге, 15 жұмыс орындарын құрумен;
17. «KAZAKHSTAN WOODEN DRUMS» ЖШС – ағаш өңдеу цехының өндірісін кеңейту, инвестициялық құны 205 млн теңге, 15 жұмыс орындарын құрумен;
18. «MEGA SMART B2B» ЖШС – металл бұйымдарын өндіру зауыты, инвестициялық құны 200 млн теңге, 20 жұмыс орындарын құрумен;
19. ЖК «АЛИ» – ойыншық өндірісі, инвестициялық құны
50 млн теңге, 10 жұмыс орындарын құрумен;
20. «Рахат-Шымкент» ЖШС – газды пешке ауыстыра отырып, вафель өндірісінің желісі, инвестициялық құны 1 956 млн теңге, жұмыс орындар қарастырылмаған;
21. «ZeineP» ЖШС – бір реттік медициналық төсек-орын жабдықтары мен бұйымдарын өндіру, инвестициялық құны
600 млн теңге, 80 жұмыс орындарын құрумен;
22. «City Block» ЖШС – битум өндірісі, инвестициялық құны 386 млн теңге, 35 жұмыс орындарын құрумен.