32.3 C
Shymkent
22 июля, 2025
adilettv

Шымкент қаласындағы индустриялық аймақта орналасқан First Concrete Company жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – қазіргі уақытта өңірдегі темірбетон бұйымдарын өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Кәсіпорын ай сайын 2 500 м³-тан астам темірбетон өнімдерін өндіріп, құрылыс саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы әрі сенімді материалдармен қамтамасыз етіп келеді. Зауыттың өндірістік қуаты мен технологиялық мүмкіндіктері ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына елеулі үлес қосуда.
Кәсіпорынның өнім номенклатурасына мыналар кіреді:
фундаменттік блоктар,
темірбетон плиталар,
су ағызу арналарына арналған лотоктар,
жоғары кернеулі электр беру желілеріне (ЛЭП) арналған темірбетон бағаналар.
Барлық өнімдер Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға (ГОСТ) толықтай сәйкес әзірленіп, сапасы бойынша мамандандырылған зертханалық сынақтардан өткізіледі. Бұл өз кезегінде өнімнің ұзақмерзімділігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
First Concrete Company заманауи технологияларды қолдана отырып, өндіріс процестерін үнемі жетілдіріп, еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық талаптарға да баса назар аударады. Кәсіпорында тәжірибелі мамандар жұмыс істейді, бұл өндіріс сапасын жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – сапалы әрі сертификатталған темірбетон бұйымдарын шығару арқылы ел экономикасының құрылыс секторына үлес қосу, сондай-ақ серіктестері мен тұтынушыларына сенімді және тиімді шешімдер ұсыну. First Concrete Company бүгінгі таңда өзін сенімді өндірістік әріптес ретінде танытып, өңірлік индустриялық дамудың бір тармағына айналып отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САУРАНДА 5000 ОРЫНДЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

Шымкент қаласы: құмар ойындарының зияны және отбасы құндылықтарын дәріптеу

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз