33.3 C
Shymkent
27 июля, 2025
adilettv

Шымкент қаласының сыртқы байланыстарының дамуы

2025 жылдың басынан бастап Шымкент қаласында халықаралық әріптестікті нығайту және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында 25 дипломатиялық кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар қаланың инвестициялық, экономикалық, мәдени және туристік әлеуетін таныстыруға, сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған.
Франциямен стратегиялық ынтымақтастық
Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге бастаған француз кәсіпкерлерімен B2B және G2B форматтарындағы кездесу өткізілді.
Кездесу нәтижесінде Шымкент қаласының әкімдігі мен Француз Республикасының Қазақстандағы Елшілігі арасында 2025–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойылды.
Аталған жол картасы аясында 2025 жылдың сәуір айында Париж қаласында «Шымкент күндері» ұйымдастырылып, мәдени-экономикалық бағыттағы бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл қала бренді мен халықаралық имиджін арттыруға септігін тигізді.
Еуропалық Одақпен ынтымақтастық
2025 жылдың сәуір айында алғаш рет Еуропалық Одақпен өзара байланыстарды нығайту мақсатында Еуропа елдерінің 18 елшісі Шымкент қаласына жұмыс сапармен келді.
Сапар барысында қаланың инвестициялық мүмкіндіктері, туристік және креативті индустрия салаларындағы бастамалар таныстырылды.
Қытай Халық Республикасымен байланыс
2025 жылдың мамыр айында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі бастаған 12 қытайлық компания өкілдері Шымкент қаласына ресми сапармен келді.
Іс-шара аясында қаланың инвестициялық әлеуеті ұсынылып, тараптар экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қырғыз Республикасымен өңіраралық әріптестік
2025 жылдың 22–24 мамыр аралығында Шымкент қаласына бауырлас Ош қаласының мэрінің бірінші орынбасары бастаған қырғыз бизнес делегациясы ресми сапармен келді.
Сапар аясында Қырғыз Республикасының Құрметті консулдығы ашылып, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты нығайту бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
Болгариямен мәдени-гуманитарлық серіктестік
2025 жылдың 9 маусымында Болгария Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Шымкент пен Болгарияның Пловдив қаласы арасында бауырластық қарым-қатынас орнатылды. Бұл келісім қалалар арасында мәдени, туристік және білім беру салаларында ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Аталған халықаралық іс-шаралар мен дипломатиялық кездесулер Шымкент қаласының әлемдік аренадағы беделін арттырып, шетелдік әріптестермен көпжақты байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Қала әкімдігі сыртқы байланыстарды дамыту арқылы өңірдің инвестициялық және туристік тартымдылығын нығайту бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: Человек труда — старший оперуполномоченный Енбекшинского РОВД отдела криминальной полиции по хищениям чужого имущества капитан полиции Дусенов Жанболат.

AdiletTV

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды: сот шешімі күшінде қалды

Пікір қалдырыңыз