25.3 C
Shymkent
27 июля, 2025
adilettv

Аймақтық туризмді дамытудағы Шымкенттің үлесі: 2025 жылғы көрсеткіштер

2025 жылы Шымкент қаласының туристік бағыттары мен көлік қатынасы айтарлықтай дамып, ішкі және халықаралық туристік ағымның артуына оң ықпал етті.
Туристік маршруттар
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 17 туристік маршрут тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Олардың арасында сұранысқа ерекше ие бағыттардың бірі — «Түркістан – Ташкент – Ақсу-Жабағылы – Шымкент» маршруты болып табылады. Бұл бағыт бойынша туристер үшін арнайы ұйымдастырылған 4 күндік турлар кеңінен қолданылуда. 2025 жылдың 6 мамырында еліміздің туристік саласындағы маңызды оқиға ретінде «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Шымкент қаласында аялдап өтті. Бағыты: «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы». Бұл пойыз халықаралық бағыттағы теміржол туризмін дамытуға, мәдени және тарихи туризмді ілгерілетуге айтарлықтай үлес қосуда. бӘуе рейстері Шымкент қаласының әуежайы арқылы 12 ішкі бағыт және 17 халықаралық қалаға тұрақты әуе қатынасы қамтамасыз етілген.
Ішкі бағыттар:
Астана
Алматы
Ақтау
Атырау
Көкшетау
Ақтөбе
Орал
Петропавл
Семей
Қостанай
Жезқазған
Қарағанды
Халықаралық бағыттар:
Ыстамбұл (Түркия)
Мәскеу (Ресей)
Анталья (Түркия)
Дубай (БАӘ)
Доха (Катар)
Шарм-эль-Шейх (Мысыр)
Мәдина (Сауд Арабиясы)
Үрімші (Қытай)
Баку (Әзербайжан)
Шанхай (Қытай)
Сеул (Оңтүстік Корея)
Бейжің (Қытай)
Сиань (Қытай)
Будапешт (Мажарстан)
Каир (Мысыр)
Мюнхен (Германия)
Кутаиси (Грузия)
Жаңа халықаралық рейстер
2025 жылы «SCAT» әуекомпаниясы тарапынан Шымкент қаласынан келесі халықаралық бағыттар бойынша тікелей рейстер ашылды:
Үрімші (ҚХР)
Баку (Әзірбайжан)
Шанхай (ҚХР)
Сеул (Оңтүстік Корея)
Сиань (ҚХР)
Будапешт (Мажарстан)
Каир (Мысыр)
Мюнхен (Германия)
Қорытындылай келе, туристік маршруттар мен көлік инфрақұрылымының кеңеюі Шымкент қаласының өңірлік және халықаралық туризм картасындағы орнын нығайтуға, туристік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ қала экономикасының өсуіне оң серпін беріп отыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

САУРАНДА 5000 ОРЫНДЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз