24.3 C
Shymkent
26 июля, 2025
adilettv

ШЫМКЕНТ: АЯЛДАМА ПАВИЛЬОНДАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкент қаласында тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның аясында жаңа үлгідегі аялдама павильондары орнатылып, қаланың көлік мәдениетіне тың серпін беруде.
Бүгінде шаһар аумағында жалпы саны 2335 аялдама орны тіркелген. Ағымдағы жылдың өзінде тұрғындар тығыз шоғырланған және қажеттілігі жоғары аймақтарда 264 жаңа аялдама павильоны пайдалануға берілді.
Аялдамалар екі түрлі заманауи үлгіде орнатылуда:
«Тип 20» — берік металдан жасалған, ұзақ мерзімді пайдалануға бейімделген конструкциялар;
«Тип 22» — эстетикалық талғамға сай, шыны материалдардан құрастырылған заманауи павильондар.
Қоғамдық кеңістіктің тілдік мәдениетін көтеру бағытында да нақты қадамдар жасалуда. Қазіргі таңда аялдамаларға қазақ тілінде атау беру жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, 1062 аялдама атауы орнатылды. Сонымен қатар, 771 аялдамада жолаушыларға арналған ақпараттық тақтайшалармен жабдықтау жұмысы аяқталды.
Айта кетерлігі, қалада жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 62 коммерциялық аялдама бой көтеруде. Бұл бастама бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы әріптестікке негізделген тиімді үлгі болып отыр.
Қоғамдық көлік мәдениетін жаңғырту — тұрғын игілігі үшін жасалып жатқан нақты іс.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРІП ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА ҚАТЫСЫП, СЫЙЛЫҚТАР АЛДЫ

AdiletTV

Одна из проблем, волнующих население сегодня интернет-мошенничество.

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ 855-құқық бұзушылық және 890-қорғау нұсқамасы толтырылған

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз