2025 жылдың қаңтар–наурыз айлары аралығындағы кезеңде Шымкент қаласына келген туристер саны 100 088 адамды құрады. Оның ішінде ішкі туристер – 94 428 адам, ал шетелдік туристер саны – 5 660 адамды құрады. Бұл көрсеткіштер қаланың туристік инфрақұрылымы мен қызмет көрсету сапасына деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында біржолғы сыйымдылығы 7 938 төсек-орыннан асатын 149 қонақ үй тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Туристік инвестициялар және инфрақұрылымды дамыту 2024–2025 жылдар аралығында Шымкент қаласында жалпы құны 14,5 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
2024 жылы олардың ішінде 7 жоба пайдалануға берілді, атап айтқанда:
Kazakh Hotel,
Aurum Hotel,
Diamond Hotel,
Siluet Plaza,
Makhambet,
Mir Hotel,
Cannes Hotel.
2025 жылдың сәуір айында тағы бір жаңа қонақ үй – Mardan ашылды. Жыл соңына дейін 3 қонақ үй (Altai, Zeinnur-Tau, Keremet) пайдалануға беріледі деп күтілуде.Аталған жобалар аясында 240 тұрақты жұмыс орны құрылып, қызмет көрсету саласына жаңа серпін берілді.Ірі халықаралық жоба. 2025 жылы қалада халықаралық деңгейдегі Hilton қонақ үйінің құрылысы басталды. Жоба құны – 35 млн АҚШ доллары, ал пайдалануға беру мерзімі – 2026 жыл. Қонақ үй іске қосылғаннан кейін 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Экологиялық туризм: «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы Бадам су қоймасы аумағында «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына табиғат аясында жайлы және заманауи демалыс ұйымдастыру, ішкі туризмді дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің туристік тартымдылығын арттыру.
Тарихи-мәдени туризм және сервистік инфрақұрылым 2025 жылы қаладағы 3 сакралды нысанға (Ибрагим Ата, Қарашаш Ана, Әбділ Әзіз Баб) турникеттер орнатылды, бұл нысандарға келушілер ағынын сандық негізде тіркеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 7 туристік нысанға (Ибрагим Ата, Қарашаш Ана, Мірәлі Баба, Әбділ Әзіз Баб, Хызыр Мұнарасы, Дендросаябақ, Цитадель) электронды төлқұжаттар орнатылып, туристерге тарихи-мәдени ақпаратқа қолжетімділік арттырылды. Қаладағы сервис сапасын жақсарту мақсатында «4 – SMART» үлгісіндегі санитариялық-гигиеналық тораптар іске қосылды. Жаңа нысандар келесі орындарда орналасқан:
«Спутник» гүлзары,
«Тәуке хан» даңғылы,
Иляев көшесі,
«Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы.
Қорытынды; Жоғарыда аталған көрсеткіштер Шымкент қаласында туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықтың артқанын көрсетеді. Қала әкімдігі туристік әлеуетті арттыру, сервис сапасын жақсарту және ішкі туризмді дамыту бағытында жоспарлы әрі жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.