adilettv

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергені үшін 200-ден астам кәсіпкер жазаға тартылды

Шымкент қаласында жыл басынан бері 200-ден астам кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергені үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың 15-і – ет бағасына байланысты. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының сақталуын бақылау мақсатында жүздеген сауда нүктелері тексерілген. Айта кетейік, сиыр етінің (жауырын-кеуде бөлігі, сүйегімен) бағасы бақылауға алынған 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіреді.
«Бүгінде Шымкентте шамамен 60 әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істейді. Сонымен қатар апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Бұл жәрмеңкелерде сүйегімен сатылатын сиыр еті тұрақты бағамен — килограммы 3200-3300 теңгеден сатылады. Өнімдер Түркістан облысындағы мал шаруашылығы фермаларынан тікелей жеткізіледі», — деді басқарма басшысы Талғат Мекамбаев.
Ол сондай-ақ таза еттің (мякоть) бағасы реттелмейтінін атап өтті.
Басшының айтуынша, «Каскасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен жасалған келісімшарттар аясында сиыр етінің (сүйегімен) сату бағасы – 2620 теңге/кг. Сонымен қатар, «айналым схемасы» механизмі арқылы «Magnum» және «Грамад» сауда желілерімен келісімшарттар жасалған, бұл еттің (жауырын-кеуде, сүйегімен) 2590 теңгеден сатылуын қамтамасыз етіп отыр.
Ауыл шаруашылығы басқармасы нарықта сиыр етінің ең жоғарғы коммерциялық бағасы 3800-4000 теңге/кг екенін де атап өтті. Алайда кейбір сауда орындарында баға тұрақты күйінде сақталып отыр. Жеке сауда нүктелеріндегі бағаның өсуін шенеуніктер маусымдық сұраныстан бастап, жем-шөптің қымбаттауы мен экспорттың артуына дейінгі бірқатар факторлармен түсіндіреді. Дегенмен қалада ет тапшылығы немесе дүрлікпе жоқ, — деп атап өтті басқарма басшысы. Әкімдік тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы бақыланатын және реттелетін сауда нүктелеріне баруға шақырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 14 ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН ЖАС АҚЫНДАР ШЫМКЕНТТЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

AdiletTV

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА ТЕМІРЖОЛ ТҰЙЫҒЫ САЛЫНУДА

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 449,4 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 5 ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз