33.3 C
Shymkent
31 июля, 2025
adilettv

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР МЕН БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшесі ретінде өңірде денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік пен қызмет сапасын қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде кешенді шаралар атқаруда.
Департамент құрылымында төрт негізгі бөлім жұмыс істейді:
медициналық қызметті бақылау бөлімі;
медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі;
фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімі;
фармацевтикалық инспекторат және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімі.
Мемлекеттік бақылау саласындағы барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тиісті нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау бағыттары медициналық көмектің сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы, сондай-ақ есірткі құралдарының заңды айналымы сияқты маңызды салаларды қамтиды.
Кәсіпкерлік кодексі аясында Департаменттің бақылау қызметі екі негізгі түрге бөлінеді:
Профилактикалық бақылау – қызмет көрсету сапасын арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында;
Жоспардан тыс тексерулер – нақты қауіп-қатерлер мен азаматтардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 117 тексеру жүргізілді (2024 жылдың сәйкес кезеңінде – 89). Оның ішінде 109 тексеру азаматтардан келіп түскен өтініштер негізінде ұйымдастырылды.Жалпы, 2025 жылдың 6 айында медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсетуге қатысты 399 өтініш тіркелді. Оның 102-сі тексеру жүргізу арқылы қаралса, қалған өтініштер бойынша түсіндірме беру, басқа уәкілетті органдарға жолдау немесе кері қайтару шаралары қолданылды.Тексеру нәтижелері бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Заң талаптарын бұзу фактілері бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 112 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 14,9 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.Аталған шаралар өңірде денсаулық сақтау саласының заңдылығын қамтамасыз етуге, халыққа көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте кибербуллингке қарсы Халықаралық күніне орай іс-шара өтті

AdiletTV

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

«Сегодняшний референдум показывает, что в стране царит открытость и гласность».

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз