adilettv

Шымкент қаласында адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде

Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қала әкімдігімен бірлесе отырып, адам саудасының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде.
Аталған бастаманың аясында үкіметтік емес ұйымдар дайындаған ақпараттық материалдар қаладағы әуежай, теміржол вокзалы, автобекеттер мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға орналастырылды.
Мұндағы мақсат — тұрғындардың адам саудасының қауіптері туралы хабардарлығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алу.
Полиция қызметкерлері мен әкімдік өкілдері азаматтарға ақпараттық парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы дайындалған жадынамада адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары мен сенім телефондары көрсетілген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЙБЕК СМАДИЯРОВ ТОҚАЕВТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ БОЛДЫ

AdiletTV

ЖҮЛДЕМЕН ҚУАНТҚАН ЖЕҢІС!

AdiletTV

ДӘРІГЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ӘРҚАШАН ДА БӨЛЕК БОЛУЫ КЕРЕК

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз