Түркістан облысы соңғы жылдары экономикалық және әлеуметтік тұрғыда айтарлықтай даму үстінде. Өңірде инфрақұрылым жаңартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестициялар тартылуда. Сонымен қатар, облыс халқының саны да тұрақты түрде өсуде. 2 миллионнан асып, еліміздегі ең ірі өңірлердің біріне айналды. Бұл халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақты дамуына ықпал етуде. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтпен білім, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту бағыттары бойынша сұхбаттасқан едік. Әкім орынбасары бұл салаларда атқарылып жатқан негізгі жұмыстарға тоқталып, өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді.
Түркістан облысында 8 ауданның білім бөлімі қызметкерлері тарапынан 12 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырылғаны туралы әлеуметтік желілерде әртүрлі ақпараттар тарап жатыр. Қоғам белсенділері, блогерден бастап барлық тұлғалар жарыса жазуда. Бұл жағдайға байланысты қоғамның алаңдаушылығы түсінікті. Бұл қаражаттар қалай? Қашан? Қайтарылып жатыр деген сұраққа сұхбат барысында жауап алдық.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев атап өткендей, білім және денсаулық сақтау, жұмыспен қамту салаларында тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Облыстың әлеуметтік инфрақұрылымы жаңғыртылып, өңірде жаңа мектептер мен медициналық мекемелер ашылуда. Әлеуметтік желілерде тараған теріс ақпараттарға қарамастан, атқарушы органдар мен құқық қорғау қызметкерлері заң аясында жұмыс істеуде, ал өңірдің даму жолында барлық шаралар ашық әрі жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Түркістан облысының тұрғындары үшін білім беру мен денсаулық сақтау, жұмыспен қамту сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.
https://youtu.be/CC2n4ksBwQQhttps://youtu.be/CC2n4ksBwQQ