adilettv

ҚАЗАҚСТАНДА СПОРТТЫҚ АТУДАН XVI АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ!

2025 жылғы 16-30 тамыз аралығында Шымкент қаласындағы Shymkent Shooting Plaza
ату кешенінде спорттық атудан XVI Азия чемпионаты өтеді. Жарыс екі олимпиадалық спорт
түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.
Чемпионатқа 26 елден 800-ден астам спортшы қатысатынын растады: Бахрейн, Вьетнам,
Гонконг, Үндістан, Иран, Индонезия, Қазақстан, Катар, Қытай, Кувейт, Ливан, Қырғызстан,
Малайзия, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы Корольдігі,
Сингапур, Тәжікстан, Тайбэй, Түрікменстан, Өзбекстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Жапония.
Жүлде қоры — 700-ден астам медаль, келесі жаттығулар бойынша, нысана көздеу:
пневматикалық тапанша — 10 метр, 25 метр, 50 метр, мылтық 10 метр, 50 метр, қозғалмалы
нысана жеке және командалық есепте.
Стенд ату бойынша: трап, скит, скит\микс, трап\микс, дубль-трап – жеке және командалық
есепте.
Жас ерекшелігі бойынша санаттар: ерлер, әйелдер, юниорлар, юниориктер, жасөспірім
ұлдар, қыздар.
Чемпионаттың мақсаты мен міндеттері:
✔️ Қазақстанда және халықаралық деңгейде спорттық атуды танымал ету;
✔️ Спортшылардың шеберлігін арттыру;
✔️ Рейтингтерді анықтау;
✔️ Жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі — 2025 жылғы 16 тамыз күні сағат 19:30-да,
Shymkent Shooting Plaza ату кешенінде өтеді.
БАҚ өкілдерінің ашылу рәсіміне және жарысқа қатысуы үшін міндетті шарт — ҚСАФ
баспасөз қызметі арқылы аккредиттеу.
Шара келесі серіктестердің қолдауымен ұйымдастырылуда:
 Бас серіктес — «Самұрык-Қазына ҰӘҚ» АҚ @samrukkazyna_official;
 Серіктес — «Sport Qory» спортты қолдау қоры @sportqory;
 KAZ Minerals тобы @kazminerals_official;
 «АК Алтыналмас» АҚ @altynalmas.kz;
 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС @kazakhmys.news;
 Eurasian Resources Group (ERG) @ergkazakhstan
 «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі
@kff_resmi

ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (финал)
Күні Уақыты Жаттығу түрі Санат
16.08.2025 19:30-20:30 Жарыстың ресми ашылу рәсімі
18.08.2025 12:00-12:50 10м пневматикалық тапанша ерлер
14:00-14:50 10м пистолет пневматический юниорлар\ұлдар
15:30-16:20 10м пневматикалық тапанша жасөсп.\ұлдар
19.08.2025 12:00-12:50 10м пневматикалық тапанша әйелдер
14:00-14:50 10м пневматикалық тапанша юниориктер\қыздар
15:30-16:20 10м пневматикалық тапанша жасөсп.\қыздар
20.08.2025 11:00-12:00 10м пневматикалық тапанша микс ересектер
12:30-13:30 10м пневматикалық тапанша микс юниорлар
14:00-15:00 10м пневматикалық тапанша микс жасөспірімдер
15:00-16:00 cкит\дөңгелек стенд әйелдер
16:30-17:30 скит\дөңгелек стенд ерлер
21.08.2025 12:30-13:20 10м пневматикалық мылтық ерлер
14:00-14:50 10м пневматикалық мылтық юниорлар\ұлдар
15:30-16:20 10м пневматикалық мылтық жасөсп.\ұлдар
15:00-16:00 cкит\дөңгелек стенд юниориктер\қыздар
16:30-17:30 cкит\дөңгелек стенд юниорлар\ұлдар
22.08.2025
11:45-12:35 10м пневматикалық мылтық әйелдер
13:45-14:35 10м пневматикалық мылтық юниориктер\қыздар
15:30-16:20 10м пневматикалық мылтық жасөсп.\қыздар
12:45 ВП-12, қозғалмалы нысана әйелдер
13:30 ВП-12, қозғалмалы нысана юниориктер\қыздар
14:30-16:00 скит\микс ересектер
16:30-18:00 Скит\микс юниорлар
23.08.2025
11:00-12:00 10м пневматикалық мылтық\микс ересектер
12:30-13:30 10м пневматикалық мылтық\микс юниорлар
14:00-15:00 10м пневматикалық мылтық\микс жасөспірімдер
24.08.2025
12:15-13:00 50м мылтық, 3 қалып ерлер
14:00-14:45 50м мылтық, 3 қалып юниорлар\ұлдар
12:45 ВП-12, қозғалмалы нысана ерлер
13:30 ВП-12, қозғалмалы нысана юниорлар\ұлдар
25.08.2025
11:15-12:00 25м тапанша әйелдер
13:00-13:45 25м тапанша юниориктер\қыздар
15:00-16:00 трап әйелдер
16:30-17:30 трап ерлер
26.08.2025 12:15-13:00 50м мылтық, 3 қалып әйелдер
13:45-14:30 50м мылтық, 3 қалып юниориктер\қыздар
15:00-15:45 25м тапанша юниорлар\ұлдар
15:00-16:00 трап юниориктер\қыздар
16:30-17:30 трап юниорлар\ұлдар
27.08.2025
11:45-12:30 25м тапанша ерлер
14:30-16:00 трап\микс ересектер
16:30-18:00 трап\микс юниорлар
28.08.2025
09:00-10:00 МП-10, 25м ерлер
МП-10, 25м юниорлар\ұлдар
10:00-10:50 50м жатып ату ерлер
50м жатып ату юниорлар\ұлдар
29.08.2025
09:30-12:30 МП-5, 25м ерлер
МП-5, 25м юниорлар\ұлдар
09:00-09:50 50м жатып ату әйелдер
50м жатып ату юниориктер\қыздар
08:30-15:15 дубль-трап ерлер
дубль-трап әйелдер

Ұйымдастырушы:
 «Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ @kazshooting
«Қазақстандық спорттық ату федерациясы» ҚБ
+7 (775) 176 74 95 Малика Джалилова,
jalilova.malika3195@mail.ru

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Новый сервис: выездной персональный менеджер ЦОН

AdiletTV

АБАЙ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІН 100%-ҒА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

AdiletTV

ЗАҢСЫЗ САУДАМЕН АЙНАЛЫСҚАН КӘСІПКЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз