30.3 C
Shymkent
24 августа, 2025
adilettv

Шымкентте сауда және өнеркәсіптік инфрақұрылым дамуда: базарлар мен шағын өнеркәсіптік аймақтар жаңғыртылып жатыр

Шымкент қаласында сауда саласы мен өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар қарқын алып келеді. Қаланың экономикалық картасында маңызды орын алатын сауда және өндіріс нысандары қазіргі таңда жаңғыртылып, жаңаша сипатқа ие болуда. Бұл өзгерістер кәсіпкерлік ортаны жетілдіруге, халыққа қолайлы жағдай жасауға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған.
Шағын өнеркәсіптік аймақтар – кәсіпкерліктің тірегі
Қалада қазіргі таңда үш ірі шағын өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Олар – «Orda NS Building», «Standard Steel KZ» және «Энерготранс-3». Жалпы көлемі 76 мың шаршы метрді құрайтын бұл индустриялық алаңдарда биылғы ІІ тоқсанда 45 мың шаршы метр құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Аталған аймақтарда 150-ден астам жаңа өндіріс орны ашу көзделіп отыр. Бұл кәсіпорындарда шамамен 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Осы жобалар аясында қала бюджетіне 1 миллиард теңгеге жуық салық түсімдерін қамтамасыз ету жоспарланған. Мұндай экономикалық ықпал өңірдің салық базасын ұлғайтып, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдеріне жалға алу құны төмендетілген дайын өндірістік нысандарды ұсыну – кәсіпкерлік белсенділікті одан әрі ынталандыра түседі.
Сауда саласының серпіні
Сауда саласында да тұрақты өсім байқалуда. 2025 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемі 222 млрд теңгеден асты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштің 1 триллион теңгеден асуы күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18-20%-ға артық. Осындай өсімге бірнеше факторлар әсер етті:
8 жаңа сауда және ойын-сауық орталығы ашылды;
11 сауда үйі мен 10 жаңа сауда нүктесі іске қосылды;
Қала базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Базарларды жаңғырту – заман талабы
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 19 ірі базар жұмыс істейді, олардың ішінде 10-ы әмбебап, ал қалған 9-ы салалық (мамандандырылған) сауда орындары болып табылады. Бұл базарлар қаладағы негізгі тұтыну саудасының 40%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр.
Базарларды жаңғырту жұмыстары «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жүргізілуде. Заңның 10-бабының 2 және 3-тармақтарына сай, базарлар құрылыс нормалары мен санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сәйкес болуы тиіс. Осы мақсатта жүргізілген модернизация аясында бүгінгі күні 15 базардың жаңғырту жұмыстары толық аяқталды.
Олар қатарында: «Бекжан» «Шымкент Тұлпар» «Алаш» «Исатай (Алатау)» «Акбар» «Самал» «Ынтық ата» «Барыс» «Көктем» «Жібек жолы» «Көмеш бұлақ» «Нұр Сайрам» «Дархан» «Айна» «Жаңа Шахар» базарлары бар. Қалған 4 базар – «Авто Нұр», «Қырғы базар», «Назым апа» және «Жабық базар» – 2025 жылдың соңына дейін толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай қайта құрылатын болады.
экономикалық әсер
Жаңартылған сауда нүктелері мен индустриялық аймақтар қаланың өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай туғызуда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді және өнім көлемінің ұлғаюына ықпал етеді. Сондай-ақ, санитарлық жағдай жақсарып, тұтынушылар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы сауда кеңістігі қалыптасады.
Жаңғыртылған базарлар мен индустриялық аймақтарда жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті өнім өндірушілерге артықшылықтар беріледі. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды енгізу арқылы төлем жүйелері мен логистика заманауи талаптарға сәйкестендірілуде. Шымкент қаласында сауда мен өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған жаңғырту жобалары тек экономикалық өсімге ғана емес, тұрғындардың өмір сүру сапасына да оң ықпал етуде. Индустриялық аймақтар мен базарларды жаңарту арқылы қалада жаңа жұмыс орындары құрылып, инвестициялық климат жақсарып келеді. Бұл – қала әкімдігінің стратегиялық даму жоспарының нақты жүзеге асуының айқын көрінісі. Шымкенттің алдағы жылдары Қазақстанның өнеркәсіптік, сауда және логистикалық орталығы ретінде орнығуы үшін жасалып жатқан бұл қадамдар – қаланың ұзақ мерзімді және тұрақты дамуына бағытталған маңызды бастамалар болып табылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»

AdiletTV

Шымкент қаласында тұрғын үй мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар.

AdiletTV

Проект на 27 миллиардов тенге: в Шымкенте возобновлено производство Coca-Cola

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз