adilettv

Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі бес жыл бойы студенттердің стипендиясын заңсыз иемденген.

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (бұдан әрі — Колледж) жүргізілген ішкі мемлекеттік аудитімен бюджетке өтеуге жататын 204,1 млн. теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, аудит барысында 3,0 млн. теңгесі бюджетке өндірілді.
Демек, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 53) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерінің 17-тармағынның 1) тармақшасы, 18-тармағы, 27-тармағы және 1- қосымшасының талаптары сақталмай 2021-2025 жылдары білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатыға алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін бюджет қаражатын Колледж заңсыз иемденген. 2021 жылы 71 студенттің 11,9 млн. теңге, 2022 жылы 160 студенттің 19,1 млн. теңгесі, 2023 жылы 235 студенттің 43,8 млн. теңге, 2024 жылы210 студенттің 78,3 млн. теңге және 2025 жылы (алты айында) 206 студенттің 50,0 млн. теңге, жалпы 286 студенттің 203,1 млн. теңге сомасын негізсіз иемденген.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерінің 17-тармағынның 1) тармақшасы, 18-тармағы, 27-тармағы және 1- қосымшасының талаптары сақталмай 2024-2025 оқу жылының алты жағдайында 310,2 мың теңге сомасында стипедия артық аударылғаны анықталды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің 07.12.2021 жылғы №1547 «2021-2022 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білімінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы» Қаулысының қосымшасының талаптары сақталмай бiлiм беру тапсырысы бойынша екі жағдайда 712,0 мың теңге сомасында артық аударылғаны анықталды.
Аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама шығарылды.

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
Қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы
А.Алибеков

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шенеуніктер байқаусызда «тендерді жеңіп алу нұсқаулығын» сыртқа шығарды: Антикор мәлімдеме жасады

Город Шымкент: Енбекшинским районным отделом полиции за 10 месяцев проведено более 90 профилактических работ.

AdiletTV

ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ-КЕЛЕШЕКТІҢ ҚАМЫ!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз