23.3 C
Shymkent
13 сентября, 2025
adilettv

Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі: Шымкентте жыл басынан бері 5 мыңға жуық неке қиылды

Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде жыл сайын Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
2025 жылдың сегіз айында Қазақстанда 77 951 неке қиылып, 226 803 бала дүниеге келді.
Ал Шымкентте үстіміздегі жылдың 8 айында 4 996 жұп некелесіп, 20 610 сәби дүниеге келген.
Жас жұбайлар некелерін тіркеу үшін көбіне есте қаларлық күндерді таңдайды. Мәселен, қос тоғыз тоғысқан 9 қыркүйек күні елімізде 631 жұп шаңырақ көтерсе, 1 195 сәби тіркелді.
Маңыздысы, некеге тұру үшін өтінішті таңдаған күннен кемінде 15 күн бұрын беру қажет. Өтінішті АХАТ бөлімдерінде немесе электрондық үкімет порталында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады. Онлайн қызмет тек Қазақстан азаматтарына қолжетімді, ал бөлімшелер арқылы өтінішті кез келген азамат бере алады.
Сондай-ақ, әрбір азамат салтанатты неке қию рәсімін ақылы түрде тапсырыс бере алады. Ол үшін АХАТ бөлімдеріне жүгіну немесе «ЦОН» мобильді қосымшасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш қалдыру жеткілікті.
«Азаматтарға арналған үкімет» ел тұрғындарын Отбасы күнімен құттықтай отырып, қоғамда отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен балалардың құқығын қорғаудың маңызын атап өтеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Психологиялық қызмет: креатив және инновация»

AdiletTV

Темпы индустриального развития: объем промышленного производства в Шымкенте достиг 680 млрд тенге

AdiletTV

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз