18.3 C
Shymkent
13 октября, 2025
adilettv

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫН ЕСКЕРТУСІЗ КЕЛІП ТЕКСЕРЕДІ

Мектеп асханаларын келесі жылдың басынан бастап ескертусіз тексеру жоспарланған. Санэпидқадағалау комитетінен хабарлағандай, инспекторлардың келуі туралы кәсіпкерлерге хабарламаны алып тастау шарасы қазір сенаторлардың қарауында жатыр.

«Кенеттен келу принципі енгізілуде. Яғни алдағы жоспарлы тексерулер мен жоспардан тыс тексерулер туралы хабарламаларды алып тастаймыз. Аяқ астынан келіп тексереміз», — дейді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Гүлшарат Қожатова.Комитет күтпеген жерден тексеру жаппай улану қаупінің алдын алуға және мектеп асханаларында тамақтану сапасын арттыруға көмектеседі деп есептейді. Әзірге инспекторлар тексеріспен алдын ала хабарлаған ұйымдарға ғана бара алады. Сонымен қатар, жағдайды қазірдің өзінде ата-аналар бақылай алады. Ол үшін мектеп директорын ескертіп, бастамашыл топ құру жеткілікті. Алайда, балаларға мектепте ұсынылатын тағамдардың ұнайтынына асхана қызметкерлерінің өздері бақылай бастайды. Қазақстанда тамақтанбаушылық индексі енгізілуде.»Тамақтанбаушылық индексі — балалардың тәрелкелерінде қанша қалдықтың қалатындығының көрсеткіші. Егер желінбеген тамақ көрсеткіші 30%-дан жоғары болса, бұл дереу мәзірді түзету қажеттігін білдіреді», — дейді Қазақ тамақтану академиясының вице-президенті Ақкүміс Салханова.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент – инвестиция мекені

AdiletTV

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев отставкаға кету туралы өтініш берді.

Пікір қалдырыңыз