«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ- ЖАСЫЛ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАДАМ
Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыру мақсатында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Қаланы көгалдандыру жұмыстарына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге қатысып, «Астана» шағын ауданында ағаш отырғызды. Әкімнің айтуынша, мұндай игі бастамалар-қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамның бірлігін нығайтады.
Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары басталды. Қалада көктем тынысын сездірген бұл игі шара аясында орталық көшелер мен саябақтарда, тұрғын үй аулаларында жапырақты ағаш көшеттері отырғызылуда. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғардың айтуынша, егілетін ағаштар — Шымкенттің Еңбекші ауданындағы тұқымбақта өсірілген, жергілікті табиғатқа бейімделген көшеттер.Мұндай бастама қала экологиясын жақсартып қана қоймай, жасыл аймақтарды көбейтуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Шымкент қаласында көп жылдан бері өз шешімін таппай келген жол мәселесі шешілді. Әкімшілік-іскерлік аумақтан Нұртасқа баратын шатқал бойындағы көше асфальтталып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар бұл аумақтың 2010 жылдан бері қоқыс тастайтын орынға айналып келгенін айтады. Енді міне, 15 жылдан кейін жол салынып, ағаштар отырғызылды. Сонымен қатар, халық қала әкіміне ризашылығын білдіруде.
Күзгі көгалдандыру маусымы аясында бүгінде Шымкенттің орталық көшелері мен саябақтарында, гүлзарлар мен аулаларда ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл шаралар жасыл инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.