10.3 C
Shymkent
15 октября, 2025
adilettv

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ӨНІМ МЕН ТАБЫС МОЛАЙДЫ

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдауға 48,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде облыстық бюджеттен 43,3 млрд. теңге, үкіметтік резервтен 5,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. 9 айдың қортындысымен 42 млрд. теңге шаруаларға бөлініп, аграрлық саланы мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Осы бағыттағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шаруаларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын, бұл субсидиялар мен жеңілдіктер өңірдің өзіндік кірістерін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосуы тиіс екенін жеткізді. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, «Басым дақылдардың өндірісін субсидиялау» бағдарламасы арқылы 4,4 млрд. теңге қаржы қаралды. Бағдарлама арқылы жылыжай шаруашылықтарын қолдау нәтижесінде жылыжай өнімдерінің бағасы тұрақтанып, егіс көлемі мен алынған өнім көлемі артуда.

Республика бойынша ірі қара малдың 13 %, ұсақ малдың 22 %, жылқының 11 % және түйенің 14 % Түркістан облысының үлесінде. 8 айда 123 мың тонна ет, 367 мың тонна сүт, 177 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығында 25 бағытта қолдау көрсетіледі. 2024 жылдан бастап, бағдарлама арқылы асыл тұқымды аналық мал бастарын сатып алуға басымдық берілуде Нәтижесінде жылдан-жылға асыл тұқымды мал саны артуда. 2023 жылмен салыстырғанда асыл тұқымды ІҚМ саны 117 %, ұсақ мал 3,9 есе, жылқы 101,2 пайызға артқан.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Цены на сжиженный нефтяной газ вырастут с 1 июля в Казахстане

Нашақорлықпен күресуге коммуналдық қызметкерлер тартылды

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасы-Конго- Қырым қанды қызбасы (КҚҚҚ)- адамның өткір вирустық ауруы туралы түсіндірді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз