adilettv

15 МЛН ЖАСӨСПІРІМ ВЕЙПКЕ ТӘУЕЛДІ

Әлемде шылым шегушілер азайды дегенімізбен, жасөспірімдер арасында электронды темекіге құмарлық артқан. Қазір дүние жүзінде 13 пен 15 жас аралығындағы 15 миллионнан астам бала электронды темекіге әуес. Бұл – ересектермен салыстырғанда тоғыз есе жоғары көрсеткіш. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұны жастардың денсаулығына төнген жаһандық қауіп деп бағалады. Себебі бүгінгі қызығушылық тәуелділікке, ал ерте басталған әдет өмір бойғы дертке ұласуы мүмкін.
Электронды темекі кейінгі жылдары әлемнің көптеген елінде жастар арасында кең тараған зиянды әдетке айналды. Оның тәуелділік деңгейі жоғары. Дәрігерлер вейптің кәдімгі темекіге қарағанда әлдеқайда зиян екенін ескертеді. Тіпті бұл темекі түрін есірткі қатарына жатқызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кейінгі деректеріне сәйкес, Еуропа мен Солтүстік Америкада бұл проблеманың ең жоғары деңгейі анықталған. Мәселен, АҚШ-та жасөспірімдердің 20 пайызы, Ұлыбританияда 17 пайызы, Францияда шамамен 15 пайызы электронды темекіні тұрақты пайдаланады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

На сегодняшний день зарегистрировано 2913 отцов, которые не платят алименты.

AdiletTV

Шымкентские полицейские провели антинаркотические мероприятия в городских школах

AdiletTV

Развитие креативной индустрии в городе Шымкент в 2025 году

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз