19.3 C
Shymkent
14 октября, 2025
adilettv

Есірткі қылмысына қарсы күрес нәтижесінде елімізде 26 тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Бұл ретте көршілес мемлекеттердегі әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жүзеге асырылуда. 26 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 1 тоннадан астам «синтетика» айналымға жіберілмеді. Бұл 11 миллион бір реттік дозаға тең.

Осылайша миллиондаған азаматтың өмірі мен денсаулығы, мыңдаған отбасының тағдыры қорғалды. 16 ұйымдасқан қылмыстық топ, 12 есірткі зертханасы және 93 фитозертхана жойылды. Есірткі қылмыстары үшін заңнамамен қатаң санкциялар көзделген.

— Есірткі өндіру және таратқаны үшін әрқайсысына бөлек жауапкершілік көзделген. Есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Осындай 3600-ден астам деректің жолы кесілді. Есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен өндірушілерге қатысты жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін күшейтілді, — деді ішкі істер министрі.

Есірткі қылмыстарының алдын алу шеңберінде есірткі сайттары мен жарнамалары бұғатталуда. Күмәнді операциялар жүргізілген шоттардың жұмысы тоқтатылуда. Профилактикалық шаралардың тәсілдері қайта қаралды.

Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңес құрылды. Есепте тұрған азаматтармен және жастармен нысаналы жұмыс жүргізілуде. Түзеу мекемелерінен жазасын өтеп шыққан 1218 «есірткі жасырушы» волонтер ретінде алдын алу шараларына тартылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В 2025 году общий объем валового регионального продукта (ВРП) города Шымкент достиг 1,2 трлн тенге

AdiletTV

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз